Аңдатпа

Қазақстанда 5 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневНабережная. Нур-Султан.
Набережная. Нур-Султан. - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 5-7 қыркүйек аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

5 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – "Қазақстанның қазіргі заманғы мәдениетіндегі сакралды кеңістік: дәстүрлер мен жаңашылдықтар" атты онлайн дөңгелек үстел. ZOOM платформасы, конференция идентификаторы: 828 156 4058, кіру коды 147852.

18.00 - М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының YouTube каналында К. Маньенің "Авантюра на Авеню Анри-Мартен 18" комедиясының жазбасы трансляцияланады.   

20:00 – Инстаграмдағы @melomankaz парақшасында Ерлан Каринмен @ erlankarin2019 тікелей эфир өтеді. Эфир тақырыбы – "Халифат сарбаздары: мифтер мен шындық" кітабы шыққаннан кейін алты жылдан соң "Жусан" операциясы" кітабының шығуы. Ерлан Карин – Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі, саясаттанушы.  

7 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

14.30 – ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар кеңсесі барлық мүдделі тараптар үшін "Журналистиканың қақтығыстарға сезімтал тақырыптарды қамту принциптері" вебинарын өткізеді. Вебинардың спикері журналист, медиа-тренер Айнур Коскина.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0