18:52 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
56 0 0

Sputnik Қазақстан 9 – 18 қыркүйекте болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

9 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ОҚИҒАЛАР

09.00 – Қазақстан үкіметінің отырысы. Күн тәртібінде: мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауын іске асыру жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарының жобасы; Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2020 жылғы қаңтар-тамыздағы республикалық бюджеттің атқарылуы; эпидемиологиялық жағдай. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік медиа аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00 – "Жылқы жабдықтары" тақырыптық туры (Ұлттық музейдің Instagram парағында – @nationalmuseumkz арқылы таратылады).

15.00 – "Ғылым қоры" АҚ ұйымдастырумен "Ғалымдар алаңы"/#GalymdarAlany онлайн дөңгелек үстелі өтеді (Трансляция парақшадағы сілтеме арқылы көруге болады).

10 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖАСАЛҒАН ОҚИҒАЛАР

12.00 – Қазақстан қор биржасы (KASE) бұқаралық ақпарат құралдары үшін ай сайынғы онлайн брифинг өткізеді. Брифинг барысында KASE ағымдағы жылдың тамыз айындағы қазақстандық валюта нарығының нәтижелері туралы статистикалық ақпаратты (аналитика) ұсынады. Іс-шара спикерлері: KASE басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская мен ақпарат және статистика департаменті талдау бөлімінің бастығы Тамара Шадиева. Онлайн брифингке қатысу үшін БАҚ өкілдері алдын-ала аккредитациядан pr@kase.kz электрондық поштасы арқылы өтуі керек. Тіркелген қатысушыларға онлайн-брифингке сілтеме (шақыру) жіберіледі.

15.00 – "2020 жылы жаңартылатын энергия көздері жобаларын таңдау бойынша аукциондық тендерлер" тақырыбында вебинарлар сериясын іске қосу. Ұйымдастырушылар – БҰҰ ДБ қолдауымен Қазақстан Республикасының энергетика министрлігі, ЮСАИД, "Kazakh Invest" ҰК" АҚ, "КОРЕМ" АҚ аукционын ұйымдастырушы және жаңартылатын энергия көздерінің жалғыз сатып алушысы "РФЦ ВИЭ" ЖШС (тіркелу мына сілтеме бойынша).

12 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ОҚИҒАЛАР

18.00 – "Анна Каренина" пьесасы. Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры (театрдың YouTube каналында көрсетіледі).

18 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ОҚИҒАЛАР

19.00 – "Астана Операда" VIII театр маусымының ашылуы. Белгілі опера классиктерінің қатысуымен (@astana_opera) "Опера классикасының парақшасы" атты гала-опера жарқын бағдарламасының онлайн режимдегі тікелей эфирі.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Загрузка...

Басты тақырып