18:45 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
95 0 0

Sputnik Қазақстан 10 – 18 қыркүйекте болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

10 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖАСАЛҒАН ОҚИҒАЛАР

11.30 – "Жолаушылар тасымалы" АҚ басшылығының қатысуымен "Ынтымақтастық нәтижелері және алдағы жоспарлар" тақырыбында көшпелі баспасөз брифингі. Спикер: "Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директоры Питер Штурм. БАҚ өкілін тіркеу pressa_pp@bk.ru электронды поштасы арқылы. Тел: 600 198, 600 171, 8 701 414 29 76. Өтетін орны: "Нұр-Сұлтан-1" теміржол вокзалының платформасы (ескі вокзал). "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ ғимаратының алдында журналистердің жиналуы (Қонаев, 6) сағат 10.30-дан 10.45-ке дейі).

12.00 – Қазақстан қор биржасы (KASE) бұқаралық ақпарат құралдары үшін ай сайынғы онлайн брифинг өткізеді. Брифинг барысында KASE ағымдағы жылдың тамыз айындағы қазақстандық валюта нарығының нәтижелері туралы статистикалық ақпаратты (аналитика) ұсынады. Іс-шара спикерлері: KASE басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская мен ақпарат және статистика департаменті талдау бөлімінің бастығы Тамара Шадиева. Онлайн брифингке қатысу үшін БАҚ өкілдері алдын-ала аккредитациядан pr@kase.kz электрондық поштасы арқылы өтуі керек. Тіркелген қатысушыларға онлайн-брифингке сілтеме (шақыру) жіберіледі.

15.00 – "2020 жылы жаңартылатын энергия көздері жобаларын таңдау бойынша аукциондық тендерлер" тақырыбында вебинарлар сериясын іске қосу. Ұйымдастырушылар – БҰҰ ДБ қолдауымен Қазақстан Республикасының энергетика министрлігі, ЮСАИД, "Kazakh Invest" ҰК" АҚ, "КОРЕМ" АҚ аукционын ұйымдастырушы және жаңартылатын энергия көздерінің жалғыз сатып алушысы "РФЦ ВИЭ" ЖШС (тіркелу мына сілтеме бойынша).

15.00 – Германия елшілігі консулының қатысуымен тікелей эфир. Ол Германияға кіру шарттары мен карантиндік ережелер туралы, визалық өтініштерді қабылдаудың қолданыстағы ережелері туралы әңгімелейді (тікелей эфир елшіліктің Facebook парақшасында жүргізіледі).

12 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ОҚИҒАЛАР

18.00 – "Анна Каренина" пьесасы. Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры (театрдың YouTube каналында көрсетіледі).

15 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ІС-ШАРАЛАР

15.00 – Орталық музей мен Қытай Халық Республикасының бас консулдығы ұйымдастырған онлайн көрме. Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде "Қытай халықтарының ұлттық мерекелік костюмі" тақырыбымен өтетін көрмеде қазіргі Қытайды мекендеген түрлі халықтардың бай материалдық мәдениетін көрсететін 58 фотосурет қойылады.

18 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ОҚИҒАЛАР

19.00 – "Астана Операда" VIII театр маусымының ашылуы. Белгілі опера классиктерінің қатысуымен (@astana_opera) "Опера классикасының парақшасы" атты гала-опера жарқын бағдарламасының онлайн режимдегі тікелей эфирі.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Загрузка...

Басты тақырып