Аңдатпа

Қазақстанда 15 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды Нур-Султана
Виды Нур-Султана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 15 қыркүйек пен 1 қазан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

15 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09.00 – Үкімет отырысы. Отырыстың күн тәртібінде: 2020-2025 жылдарға арналған Индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Индустрияландыру картасы жобаларын іске асыру, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын реттеу және азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелері. Кездесудің тікелей трансляциясын PrimeMinister.kz сайтынан және порталдың әлеуметтік желілерінен көруге болады.

15.00 – Орталық музей мен Қытай Халық Республикасының бас консулдығы ұйымдастырған онлайн көрме. Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде "Қытай халықтарының ұлттық мерекелік костюмі" тақырыбымен өтетін көрмеде қазіргі Қытайды мекендеген түрлі халықтардың бай материалдық мәдениетін көрсететін 58 фотосурет қойылады.

17 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Қазақстан машина жасаушыларының онлайн-форматтағы VIII форумы. Іс-шараны индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар одағы ұйымдастырады. Шара аясында машина жасау және металл өңдеу бойынша Kazakhstan International Machinery 2020 жәрмеңкесі бойынша бірінші халықаралық мамандандырылған көрме онлайн-көрме өтеді. Оны форумның сайтынан тамашалауға болады. Қосымша ақпарат алу үшін +7 (7172) 79-27-95 телефоны немесе info@smkz.kz поштасы арқылы байланысу қажет. Көрмеге қатысуды тіркеу нөмірі +7 (7172) 64 23 23 (ішкі 211).

18 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 – "Астана Операда" VIII театр маусымының ашылуы. Белгілі опера классиктерінің қатысуымен (@astana_opera) "Опера классикасының парақшасы" атты гала-опера бағдарламасының онлайн режимдегі тікелей эфирі.

23 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Қазақстандағы онлайн корей кинофестивалі (@ kaz.korean.culture)

1 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Құрамында Нобель сыйлығының лауреаттары бар Central Asia Nobel Fest Live бірінші онлайн ғылыми фестивалі (тіркелу nobel-fest.inpolicy.net)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0