Аңдатпа

Қазақстанда 16 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды столицы
Виды столицы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 16 қыркүйек пен 1 қазан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

16 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

08.30 – "Жас сарбаз – мейірімділікті біріктіреді" күзгі әскери-патриоттық ойындар. Іс-шара еріктілер жылы аясында ұйымдастырылды және онлайн режимде өтеді. Онлайн режимдегі жиналу Microsoft Teams платформасында жүргізіледі (Тіркелу: +7 707 422 73 96, +7 775 873 61 99 телефоны немесе jassarbaz.astana@mail.ru электрондық поштасы арқылы).

11.00 – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ компаниялар тобының алдын-ала біліктілік таңдауының жаңа тұжырымдамасы" тақырыбында онлайн брифинг. Спикер: Нұрлан Мұханов – "Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС бас директоры (тіркелу үшін: press@sk.kz электрондыпоштасы немесе +7 700 545 02 01).

17 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Қазақстан машина жасаушыларының онлайн-форматтағы VIII форумы. Іс-шараны индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар одағы ұйымдастырады. Шара аясында машина жасау және металл өңдеу бойынша Kazakhstan International Machinery 2020 жәрмеңкесі бойынша бірінші халықаралық мамандандырылған көрме онлайн-көрме өтеді. Оны форумның сайтынан тамашалауға болады. Қосымша ақпарат алу үшін +7 (7172) 79-27-95 телефоны немесе info@smkz.kz поштасы арқылы байланысу қажет. Көрмеге қатысуды тіркеу нөмірі +7 (7172) 64 23 23 (ішкі 211).

19.00 – Ресейлік әртіс Мұхтар Хордаевтың Алматыдағы концерті (Республика сарайы, Достық даңғылы, 56).

18 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

18.30 – "Опера ашық аспан астында" авто-концерті. Қала күні қарсаңында Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солистері – Джамил Баспаков пен Александр Сметанин әлемдік опера хиттерін орындайды ("Тикетон" автокинотеатры, Тимирязев көшесі, 42, 22 пәтер).

19.00 – "Астана Операда" VIII театр маусымының ашылуы. Белгілі опера классиктерінің қатысуымен (@astana_opera) "Опера классикасының парақшасы" атты гала-опера бағдарламасының онлайн режимдегі тікелей эфирі.

19 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Aport Fest отбасылық фестивалі. Ұзындығы 10 метрлік алмадан жасалған бәліш пен жанды музыка, балаларға арналған анимациялық бағдарлама, отбасылық жарыстар, би шеберлік сабағы сияқты шаралар қонақтарды күтуде. Кіруі тегін. Ой-Қарағай шатқалы, 225.

23 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Қазақстандағы онлайн корей кинофестивалі (@ kaz.korean.culture)

1 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Құрамында Нобель сыйлығының лауреаттары бар Central Asia Nobel Fest Live бірінші онлайн ғылыми фестивалі (тіркелу nobel-fest.inpolicy.net)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0