11:19 19 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD420.76
  • EUR498.60
  • RUB5.60
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
71 0 0

Sputnik Қазақстан 17 қыркүйек пен 1 қазан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

17 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Қазақстан машина жасаушыларының онлайн-форматтағы VIII форумы. Іс-шараны индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар одағы ұйымдастырады. Шара аясында машина жасау және металл өңдеу бойынша Kazakhstan International Machinery 2020 жәрмеңкесі бойынша бірінші халықаралық мамандандырылған көрме онлайн-көрме өтеді. Оны форумның сайтынан тамашалауға болады. Қосымша ақпарат алу үшін +7 (7172) 79-27-95 телефоны немесе info@smkz.kz поштасы арқылы байланысу қажет. Көрмеге қатысуды тіркеу нөмірі +7 (7172) 64 23 23 (ішкі 211).

10.00 – парламент сенатының отырысы.

10.30 – Қазгидрометтің зертханасына баспасөз туры. Іс-шара барысында мамандар зертханада елорда жер үсті суларының сапасына қалай талдау және мониторинг жасалатынын айтып береді. Жиналу орны мен уақыты: Нұр-Сұлтан, Шарль де Голль көшесі (аккредиттеу үшін: press@meteo.kz, 8 775 649 39 95).

15.00 – "Қазақстандағы жасыл экономиканы қаржыландыруға арналған ЕҚДБ жаңа бағдарламасы" онлайн баспасөз конференциясы. Еуропалық қайта құру және даму банкі Австрияның федералдық қаржы министрлігімен және Жаһандық экологиялық қормен (GEF) серіктестікте Қазақстанда жасыл экономиканың жаңа бағдарламасын (GEFF) қаржыландырады. Баспасөз конференциясының спикерлері жобаның Қазақстандағы негізгі мақсаттары, жаһандық серіктестердің, Қазақстан Республикасындағы қаржыландыру ұйымдарының рөлі, инвестиция көлемі, сонымен қатар шағын бизнес пен үй шаруашылықтарын қаржыландырудың негізгі тетіктері туралы айтып береді. Спикерлер: ЕҚДБ-нің Қазақстандағы басқарушы директоры Агрис Прейманис, Австрия федералдық қаржы министрлігі (BMF) атынан ЕҚДБ директорлар кеңесінің төрағасы Леандр Треппель, ЕО Орталық Азия мен Түрікменстан аймақтық бағдарламасының менеджері Сильвия Питропаоло, KMF директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Күлсара Сапарбекова, GEF жаһандық экологиялық қорының өкілі Минг Ян (Аккредиттеу press@pressclub.kz электронды поштасы арқылы немесе +77017490200 телефоны арқылы жасалады. Трансляция – Қазақстан баспасөз клубының Facebook-тегі парақшасы Facebook https://www.facebook.com/KazakhstanPressClub/).   

16.00 – Абайдың 175 жылдығына арналған онлайн-концерт.

19.00 – Ресейлік әртіс Мұхтар Хордаевтың Алматыдағы концерті (Республика сарайы, Достық даңғылы, 56).

18 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

18.30 – "Опера ашық аспан астында" авто-концерті. Қала күні қарсаңында Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солистері – Джамил Баспаков пен Александр Сметанин әлемдік опера хиттерін орындайды ("Тикетон" автокинотеатры, Тимирязев көшесі, 42, 22 пәтер).

Мәскеу уақытымен 16.00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 19.00) - SputnikPro білім беру жобасының "Жаңалықтар сайтын редакциялық SEO-оңтайландыру"тақырыбындағы онлайн сессиясы. Шеберлік сағатында "Россия сегодня" медиа тобы интернет-технологиялар орталығының жетекшісі Алексей Филипповский мақалаларды іздеу жүйесіне жылдам түсу үшін не істеу керектігін, іздеу трафигі көп болу үшін қалай жазу  қажеттігін және редакторлар мен техникалық мамандар SEO туралы нені есте сақтау керектігін айтады. Модульге қатысу үшін мына сілтеме арқылы тіркелуге болады.  

19.00 – "Астана Операда" VIII театр маусымының ашылуы. Белгілі опера классиктерінің қатысуымен (@astana_opera) "Опера классикасының парақшасы" атты гала-опера бағдарламасының онлайн режимдегі тікелей эфирі.

19 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09.00 - World Cleanup Day акциясы. Бұл акцияға 12 жыл қатарынан миллиондаған адам қатысып келеді. 2019 жылы акция 169 елдің еріктілерін біріктірді. Олар саябақтарды жинап, өзендер мен көлдердің, теңіздердің жағалауларын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Қазақстанның экология министрлігі қазақстандықтарды жаһандық акцияға қатысуға шақырады.

11.00 – Aport Fest отбасылық фестивалі. Ұзындығы 10 метрлік алмадан жасалған бәліш пен жанды музыка, балаларға арналған анимациялық бағдарлама, отбасылық жарыстар, би шеберлік сабағы сияқты шаралар қонақтарды күтуде. Кіруі тегін. Ой-Қарағай шатқалы, 225.

16.00 - Нұр-Сұлтанда Booktime кітап клубы ұйымдастырған кітап алмасу (Байланыс телефоны: +7 778 324 98 71).

18.00 - Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының "Браво, Лауренсия!" архивтік қойылымы трансляцияланады (театрдың Youtube каналында көрсетіледі).

20 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

18.00 –  Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының "Милости просим, господа неверующие!" архивтік қойылымы трансляцияланады (театрдың Youtube каналында көрсетіледі).

23 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Қазақстандағы онлайн корей кинофестивалі (@ kaz.korean.culture)

1 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Құрамында Нобель сыйлығының лауреаттары бар Central Asia Nobel Fest Live бірінші онлайн ғылыми фестивалі (тіркелу nobel-fest.inpolicy.net)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Загрузка...

Басты тақырып