Аңдатпа

Қазақстанда 18 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневНур-Султан, виды города, мосты через реку Есиль
Нур-Султан, виды города, мосты через реку Есиль - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 18 қыркүйек пен 1 қазан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

18 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – "Біздің музей" жобасы аясында "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи мұражай-қорығының директоры Бахтияр Қожахметов тікелей эфирде (Қазақстан Ұлттық музейінің Facebook-тегі парақшасында - @ulttyqmuzei)

12.20 – "Президенттің халыққа қызмет көрсету саласындағы жолдауын іске асыру туралы" баспасөз конференциясы. Спикер: Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова. (тікелей эфир сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz).

16.00 – SputnikPro білім беру жобасының "Жаңалықтар сайтының редакциялық SEO-оңтайландыру" тақырыбындағы онлайн сессиясы. Шеберлік сағатында "Россия сегодня" медиа тобының Интернет-технологиялар орталығының жетекшісі Алексей Филипповский мақалаларды іздеушілер үшін тез табудың тетігі мен іздеу трафигі көп болу үшін қалай жазуға болатындығын және SEO-редакторлар мен техникалық мамандардың есте сақтауы тиіс әдістері туралы айтады. Қатысу үшін мына сілтеме арқылы тіркелуге болады.

18.30 – "Опера ашық аспан астында" авто-концерті. Қала күні қарсаңында Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солистері – Джамил Баспаков пен Александр Сметанин әлемдік опера хиттерін орындайды ("Тикетон" автокинотеатры, Тимирязев көшесі, 42, 22 пәтер).

19.00 – "Астана Операда" VIII театр маусымының ашылуы. Белгілі опера классиктерінің қатысуымен (@astana_opera) "Опера классикасының парақшасы" атты гала-опера бағдарламасының онлайн режимдегі тікелей эфирі.

19 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09.00 – World Cleanup Day акциясы. Бұл акцияға 12 жыл қатарынан миллиондаған адам қатысып келеді. 2019 жылы акция 169 елдің еріктілерін біріктірді. Олар саябақтарды жинап, өзендер мен көлдердің, теңіздердің жағалауларын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Қазақстанның экология министрлігі қазақстандықтарды жаһандық акцияға қатысуға шақырады.

10.00 – Қызылорда мен Ақтөбе облысы фермерлерінің жәрмеңкесі. Астаналықтарға 80-нен астам тауарлар нарықтағы бағадан 10-15%-ке төмен бағамен ұсынылады (жәрмеңке Хан-Шатыр сауда ойын-сауық орталығы жанындағы алаңда, Қонаев пен Тұран көшелерінің қиылысында өтеді).

11.00 – Aport Fest отбасылық фестивалі. Ұзындығы 10 метрлік алмадан жасалған бәліш пен жанды музыка, балаларға арналған анимациялық бағдарлама, отбасылық жарыстар, би шеберлік сабағы сияқты шаралар қонақтарды күтуде. Кіруі тегін. Ой-Қарағай шатқалы, 225.

16.00 – Нұр-Сұлтанда Booktime кітап клубы ұйымдастырған кітап алмасу (Байланыс телефоны: +7 778 324 98 71).

18.00 – Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының "Браво, Лауренсия!" архивтік қойылымы трансляцияланады (театрдың Youtube каналында көрсетіледі).

20 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

18.00 – Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының "Милости просим, господа неверующие!" архивтік қойылымы трансляцияланады (театрдың Youtube каналында көрсетіледі).

23 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Қазақстандағы онлайн корей кинофестивалі (@ kaz.korean.culture)

1 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Құрамында Нобель сыйлығының лауреаттары бар Central Asia Nobel Fest Live бірінші онлайн ғылыми фестивалі (тіркелу nobel-fest.inpolicy.net)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0