Аңдатпа

Қазақстанда 26 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Тимур БатыршинПешеходы
Пешеходы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 26 қыркүйек пен 1 қазан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

26 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ОҚИҒАЛАР

10.00 – Нұр-Сұлтанда Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі. Фермерлер тауардың 65 түрін нарықтағы бағадан 10-15% төмен бағамен әкеледі (Жәрмеңке "Хан Шатыр" сауда және ойын-сауық орталығы жанындағы алаңда, Қонаев пен Тұран көшелерінің қиылысында өтеді).

10.00 – Almaty Film Days іскерлік алаңы. Іс-шараны Алматы күнін мерекелеу аясында қала әкімдігі ұйымдастырады. Қазақстандық және ресейлік сарапшылардың қатысуымен шеберлік сағаттары мен дөңгелек үстелдер өтеді. (Трансляция – Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Facebook және YouTube парақшаларында).

12.00 – Balama көркемсурет көрмесі және кездесу. Іс-шарада дәрістер, өнер қайраткерлерінің шеберлік сағаттары, Garage sale және жәрмеңке өтеді (Өтетін орны: Алматы қаласы, Бәрібаев көшесі, 36. Байланыс телефоны: +7 771 462 85 52).

18.00 – "Шехеразада" бір актілі балеті, "Астана Опера" театры. Қоюшы хореограф – Ресейдің халық әртісі Андрис Лиепа. (Трансляция tengrinews.kz сайтында жасалады).

19.00 - Q-POP Parking Live концерті. Іс-шара ашық аспан астында жаңа форматта өтеді. Сахнада танымал қазақстандық Q-POP әртістері өнер көрсетеді: Madmen, Crystalz, Kyle Ruh, Мәди Рымбаев, Alba, Zineken ("Алматы Арена" мұз кешені, Aлғабас-1 7 шағын ауданы).  

27 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ОҚИҒАЛАР

12.00 – "Фатима ханша камзолы" видео туры (Ұлттық музейдің Instagram-дағы ресми парағында көрсетіледі – @nationalmuseumkz-де).

19.00 – Медицина қызметкерлеріне арналған онлайн-концерт. Алматы қаласы күнін мерекелеу аясында Almaty Creative YouTube арнасында қазақстандық эстрада әншілері: Қайрат Нұртас, KeshYou тобы, "МузАрт", Mad Men өнер көрсетеді.

21.00 – "Қазағым-ай" онлайн-концерті. Шетелдегі отандастарды қолдау мақсатында "Ұлы дала елінен" жобасы аясында ұйымдастырылған.

28 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09.00 – Мәдениет және өнер қызметкерлері мен ұйымдары арасында "Рухани қазына – 2020" III республикалық байқауы. Оған мемлекеттік музейлер, кітапханалар, мәдениет үйлері мен ауыл клубтары қатысып жатыр. Іс-шара онлайн режимде өтеді. (Қосымша ақпарат үшін телефондар: + 7-702-379-42-02, + 7-702-910-09-59). Брифинг тұлғалардың, оның ішінде бұрынғы КСРО паспортымен тұратын азаматтардың мәртебесін реттеу, олардың құжаттарын рәсімдеу, әкімшілік кедергілерді жою және көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру туралы болады. Спикерлер:  ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов; Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы коммисары басқармасының (БЖКБ) құқықтық мәселелер жөніндегі қызметкері Шолпан Олжабаева; Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы директорының орынбасары Денис Дживага.  

29 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Kazakhstan Security Systems2020 қазақстандық қауіпсіздік жүйесінің қауіпсіздігі бойынша онлайн конференция. Бағдарламаға аясында заманауи бейнебақылау жүйелері, өрт қауіпсіздігі, киберқауіпсіздік, террористік қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл, банк және қаржы салаларындағы қауіпсіздік шаралары қамтылады. Конференцияға 50-ден астам қатысушы компаниялар қатысып, 18 онлайн іскерлік іс-шаралар өтеді. Қатысу тегін (kss-expo.kz сайтында тіркелу).

11.00 – "Астана-Теплотранзит" АҚ жылу энергиясының тарифін бекітуге жария тыңдау өткізеді. Тыңдаулар бір уақытта оффлайн және онлайн режимінде ұйымдастырылады. Офлайн Нұр-Сұлтан қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты, Тәуелсіздік даңғылы, 7, акт залы мекен-жайында, ал онлайн департаменттің ресми парақшасында Facebook әлеуметтік желісі арқылы өтеді. Жария тыңдауға мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік органдар, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдары, табиғи монополиялар субъектілері шақырылады. Анықтама үшін телефон: 8(7172)95-18-69.

30 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ОҚИҒАЛАР

10.00 – Суретші Рустам Халфин туындыларының көрмесі. Қастеев атындағы өнер мұражайы, Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 22/1. Байланыс телефоны: +7 (7273945715).

11.00 – "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркін дамыту тұжырымдамасының презентациясы.

1 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Құрамында Нобель сыйлығының лауреаттары бар Central Asia Nobel Fest Live бірінші онлайн ғылыми фестивалі (тіркелу nobel-fest.inpolicy.net)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0