Аңдатпа

Қазақстанда 29 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 29 қазан – 20 қараша аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

29 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ІС-ШАРАЛАР

10.00 - Digital Bridge 2021 халықаралық форумы. Форумның іскерлік бағдарламасы 20 панельдік сессиядан тұрады, онда 70-тен астам халықаралық және Қазақстандық IT-қоғамдастықтың өкілдері сөз сөйлейді. Негізгі тақырыптар: венчурлік нарықты дамыту, IT-өнімді шетелге масштабтау тәжірибесі, цифрлық инклюзия, онлайн-білім беру, IT саласындағы әйелдер, GameDev индустриясын дамыту және басқалар. Дәстүрлі түрде digital Bridge алаңында технологиялық стартаптар Astana Hub Battle-да үздік атану үшін жарыса алады. БАҚ аккредитациясы 26 қазан сағат 18.00-ге дейін форум сайтында өтеді: digitalbridge.kz немесе pr@digitalbridge.kz. Қосымша ақпаратты +7 (707) 961 5923, Гайнель-Хаят Машрапова. Форум бағдарламасы бойынша және сайттағы спикерлер туралы қосымша ақпарат digitalbridge.kz-те.

12.30 –"Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасы туралы баспасөз мәслихаты. Шара Орталық коммуникациялар қызметінде өтеді. Спикерлер: цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин; цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин; білім және ғылым министрлігі ғылым комитеттің төрағасы Жанна Құрманғалиева. Трансляция сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

15.30 – Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында "2021 жылдағы Ресей-Қазақстан ынтымақтастығы: сарапшылар бағасы мен болжамы" халықаралық дөңгелек үстелі. Іс-шара ұйымдастырушылары – "Еуразиялық мониторинг" Қазақстан талдамалы зерттеулер орталығы, Sputnik Қазақстан халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосы, Нұр-Сұлтандағы Орыс үйі, "Берлек-Единство" геосаяси зерттеулер орталығы (Ресей, Уфа).

Қатысушылар пандемияға қарамастан Қазақстан мен Ресей сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін қалай сақтап қалғанын, серіктестікті одан әрі нығайту мүмкіндіктері мен басқа да өзекті тақырыптарды талқылайды. Дөңгелек үстел трансляциясы 29 қазан сағат 15:30-да Sputnik Қазақстан сайтында және Facebook-тегі парақшада тікелей эфирде өтеді.

Қатысушылар тізімімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

Аккредитация бойынша a.nurgazinova@sputniknews.com поштасына хат жолдауға болады.

16:30 – ОКҚ-да "Қазақстандық мемлекеттік - жекеменшік әріптестік орталығы" АҚ 9 айда атқарған қызметінің қорытындысы. Спикерлер: "Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы" АҚ басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай; "Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мұхамед Кабульдинов; "Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы" АҚ басқарушы директоры Айдос Көбетов. Трансляция сілтемесі: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

16.00 – "Дюймовочка" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

19.00 – "Под знаком Белы Бартока" спектаклі ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Братья Гримм" спектаклі (Горький атындағы театр, Кіші зал, Желтоқсан көшесі, 11).

19.30 – "Человек Летучая Мышь против Леонида Ильича Брежнева" спектаклі ("Astana Ballet" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

19.30 – Рэй Кунидің "№13" комедиясы ("QAZAQSTAN" ОКЗ, Мәңгілік ел көшесі, 10/1).

19.30 – Театр на Бронной гастролі. Саша Денисованың "Человек Летучая Мышь против Леонида Ильича Брежнева" спектаклі (Astana Ballet, Гастроль сахнасы, Ұлы Дала, 9).

АЛМАТЫ

10.00 – "Асауға тұсау" спектаклі ("Жастар" театры, І. Есенберлин көшесі, 10).

12.00 – "Как лечить львиный страх" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

12.30 – Брижит Бардо қорының халықаралық жобалар жөніндегі басшысы Брижит Олуаның сапары. Ол жануарларды азаптау мәселелерін талқылау үшін Алматыға барады. Кездесу мына мекенжайда өтеді: Достық даңғылы, 160, "Almaty Towers" ғимараты, 2-ші қабат, D 160 блогы. Аккредитация үшін: Айжан Шорман + 7 701 782 61 74.

18.30 – "Әріптер әлеміне саяхат" қойылымы (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

18.30 – "Қызыл орамалды шынарым" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

18.30 – " Жаужүрек" драмасы (Әуезов атындағы драма театры, Абай даңғылы, 103).

19.00 – "Любовница" спектаклі ("Өркен" театр-студиясы, ағайынды Абдуллиндер көшесі, 38).

19.00 – "Тот самый день" спектаклі (ARTиШОК театры, Гоголь көшесі, 40).

19.00 – "Над кукушкиным гнездом" спектаклі (Н. Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

19.00 – "Дударай" спектаклінің премьерасы ("Сцена" театры, Рысқұлбеков көшесі, 28).

19.00 – "Вечер моноопер" спектаклі (Абай атындағы МАОБТ, Қабанбай батыр көшесі, 110).

20.00 – "я (не) люблю Алматы" спектаклі (BUNKER ART-баспанасы, Досмұхамедов көшесі, 78а).

ТАРАЗ

10.00 – "Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе" республикалық семинары. Жамбыл облысы Тараз қаласында мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтеді. Іс-шараның мақсаты – ономастика саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және осы саладағы өңірлердің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Семинар жұмысына парламент депутаттары, мәдениет және спорт вице-министрі, Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, өңір әкімдерінің орынбасарлары, сарапшылар, сондай-ақ мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысады. Өтетін орны: Тараз қаласы, Достық үйі. Аккредитациядан өту үшін 8 (7172) 74-01-61, 8 (7172) 74-09-24, 8 (7172) 74-04-05, 8 775 564 6010 (Дана), 8 701 125 2622 (Салтанат) нөмірлері немесе mcsgovrk@gmail.com поштасы арқылы байланысуға болады.

30 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

18.00 - Театр на Бронной гастролі. Саша Денисованың "Человек Летучая Мышь против Леонида Ильича Брежнева" спектаклі (Astana Ballet, Гастроль сахнасы, Ұлы Дала, 9).

1 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – ІІМ-нің "Полицияның сервистік моделі – қауіпсіздікті нығайтудың негізі" атты онлайн брифингі. Спикер: Милюк Алексей Казимирович – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары. Тақырып бойынша сұрақтарды 29 қазан сағат 18:30-ға дейін mvd_pr@mail.ru электронды поштасына немесе WhatsApp 8 705 440 83 65 нөміріне жолдау қажет.

6 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

18.00 – Бір актілі балет кеші. Бағдарламада: Love Fear Loss, A Fuego Lento және Путешествие памяти (Astana Ballet, Ұлы Дала даңғылы, 9).

20 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

17.30 – "Астана" концерт залында "Салтанат" би ансамблінің концерті. Шара мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өтеді. Шығармашылық ұжым қазақ халық билерін, түрлі әлем халқы билерін, сондай-ақ жаңа қойылымдар ұсынады. Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: +7(701)641 00 68, +7(775)554 79 63, +7(777)517 89 03.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0