Елорда тынысы

Көпбалалы аналардың балаларына қоғамдық көлікпен жүруде жеңілдік берілуі мүмкін

© Sputnik / Владислав ВодневАвтобус
Автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Игенбердинов әзірге жолақыны көтеру мәселесі қарастырылып жатпағанын алға тартты

АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Астанада көпбалалы аналардың балаларына қоғамдық көлікпен жүруде жеңілдіктер берілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін "Астана LRT" ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Деньги, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Амандық Баталов: Көп балалы отбасыларға 1 миллион теңгеден беріледі

Игенбердинов қазір көп балалы аналар қоғамдық көлікпен тегін жүретінін еске салды.

"Олардың балаларына жеңілдік жасау мәселесі шешіледі. Бюджетке қарау керек", - деді ол Астана әкімінің халыққа есеп беру кездесуінен кейін.

Игенбердинов әзірге жолақыны көтеру мәселесі қарастырылып жатпағанын айтты.

"Тарифтік жоспарды өзгертуге қажеттілік бар ма, жоқ па, оны жүйе бойынша қараймыз. Алдымен барлық сервисті жетілдіріп, қала тұрғындарына жағдай жасауымыз керек. Жазға қарай парктердің кірістілігі бойынша қорытынды көрсеткіштерін қарайтын боламыз", - деді "Астана LRT" басшысы.

Ол жақын арада қалалықтар үшін жаңа тарифтік жоспар енгізілетінін атап өтті.

Алматы облысында белгісіз жан көпбалалы отбасыға үй алып берді

"Олар: үш күндік, апталық, айлық, үш айлық. Яғни, адамның қоғамдық көлікпен қаншалықты жиі жүретініне қарай осындай жоспар енгізуді көздеп отырмыз", - деді Игенбердинов.

Жаңалықтар
0