04:47 18 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.94
  • EUR433.50
  • RUB6.10
Архивтегі фото

Астанада кәсіпкер көпбалалы отбасыға 24 миллион теңгенің пәтерін сыйға тартты

© Sputnik / Владислав Воднев
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
723001

Кәсіпкер пәтерді сатып алуға 17 миллион теңгесін жұмсаған, қалған шығынды құрылыс компаниясы мойнына алыпты

АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Астанада алты баласымен жалдамалы пәтерде тұрып жатқан ана бизнесменнен үш бөлмелі пәтерді сыйға алды.   

Құрылыс компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, аты-жөнін айтуды жөн көрмеген кәсіпкер қымбат көліктен бас тартып, оған жинаған 17 миллион теңгесін көпбалалы отбасыға пәтер сатып алуға жұмсаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nova City (@novacitykz) 22 Фев 2019 в 3:28 PST

 "Маған бұл жаңалықты хабарлағанда, бірден сене қоймадым. Түсім екен деп ойладым. Ал компанияның сату бөліміне ертіп барғанда, қуанышымда шек болмады. Бәрінен де қыздарым қатты қуанды. Енді олардың армандаған өз бөлмесі болады", — деді Жанар Үзденбаева көзіне жас алып.

Жаңа тұрғын үй кешенінен үш бөлмелі пәтер сатып алуға кәсіпкерге кем дегенде жеті миллион теңге жетпегенін ескеріп, құрылыс компаниясы қалған шығындарды, сондай-ақ тұрғын үйді таза әрлеуден өткізуді өз мойнына алыпты.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, көпбалалы отбасы келесі айда, яғни наурызда жаңа пәтерге көше алады.

Жанар Үзденбаева үшін мұндай сыйлық күтпеген оқиға болып қана қоймай, болашақта балаларын лайықты азамат етіп тәрбиелеуіне үлкен сенім берді. Енді жесір ана жалдамалы үйге кететін қаражатты өз балаларын емдеуге жұмсамақ. Бірінің көру қабілетін қалпына келтіру қажет болса, енді бірімен психолог жұмыс істеуі керек – әкесінің қазасынан кейін бала тілден қалған.

Тақырып бойынша

Депутат баспана алу үшін жастардың жасын көтеруді ұсынды
Зейнетақы қорындағы ақша баспана алуға беріле ме?
Шымкентте баспана алуға пайызсыз несие беріледі
Зейнеткерлер мен оралмандар тегін баспана алушылар тізімінен алынып тасталады
Кілт сөздер:
пәтер, кәсіпкер, көпбалалы отбасы, баспана
Загрузка...

Басты тақырып