10:55 20 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.16
  • EUR428.47
  • RUB6.08
Смартфоны в руках

Астана әкімінің жаңа орынбасары тұрғындарға телефон нөмірін берді

CC0 / Dean Moriarty
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
360 0 0

Бұған дейін елорданың "Сарыарқа" ауданын басқарған Арман Тұрлыбек әлеуметтік желіде белсенділігімен және ашықтығымен танымал

АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Астана әкімінің орынбасары Арман Тұрлыбек елорда тұрғындары үшін ұялы телефонының нөмірін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тұрлыбек осыдан он күн бұрын, 14 ақпанда Астана әкімінің орынбасары болып тағайындалған еді. Бүгін ол қала тұрғындарына жеке нөмірін таратты.

"Менің телефон нөмірім бұрынғыдай, әдеттегідей сіздерден кері байланыс күтемін. Қала әкімі Бақыт Сұлтанов елорданың әрбір тұрғынының өтінішін тыңдау туралы нақты міндет қойды. Сондықтан энергетика, жылумен қамту, сумен қамту, санитарлық тазалау, автомобиль жолдары, жарықтандыру, көгалдандыру қызметіне және Астананың коммуналдық шаруашылық қызметіне қатысты сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса, WhatsApp-қа жазыңыздар. Телефон кітапшаларында менің нөмірім жоқ тұрғындар үшін қайтадан жариялаймын +77019110600", - деп жазды Тұрлыбек фейсбуктегі парақшасында.

Айта кетсек, Арман Тұрлыбек аудан әкімі болған кезде де, тұрғындарды кері байланыс орнатуға шақырып, өз нөмірін жариялаған еді.

Тақырып бойынша

Астана әкімі көпбалалы аналармен кездесуде: мен уәде беріп отырмын
Астана әкімі алданған үлескерлерге көмектесудің жолын тапты
Астана әкімі көп балалы аналарды баспанамен қамту мәселесін шешті
Астанада кәсіпкер көпбалалы отбасыға 24 миллион теңгенің пәтерін сыйға тартты
Астана әкімі үлескерлерге: оңай болмайды
Астана әкімі көп балалы аналарды өзі қабылдап жатыр - видео
Кілт сөздер:
тұрғындар, ұялы телефон, әкім, Астана
Загрузка...

Басты тақырып