Елорда тынысы

Астанадағы ең қымбат пәтер көрсетілді

© Sputnik / Ольга Головко / Медиабанкке өтуАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанадағы элиталы үйлер бірден сатылып кетпейді, тіпті кейбір кездері ұзақ уақыт бос тұрады  

АCТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Астанада сатуға қойылған ең қымбат пәтердің құны 820 миллион теңге тұрады. Жеті бөлмелі пәтердің қожайыны барлық қымбат жиһазды қалдырып кетуге дайын.

65 миллион еуро тұратын пәтер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстандық бай-манап елді шулатқан Париждегі қымбат үйін сатып жатыр
Астанада мұндай үйлер өте көп. Сонымен бірге нарықта сұраныс пен ұсыныс бар. Ресми деректер бойынша, елорда халқы жыл сайын 50 мың адамға көбейіп жатыр. Ал өткен жылы мегаполисте екі миллионға тарта шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы  "Астана" арнасы хабарлады.

Жылжымайтын мүлік консультанты Руслан Унгефуг сапалы тұрғын үй кешендеріне қызығушылық артып жатқанын айтады. Мысалы, 500 шаршы метрлік екі деңгейлі пәтер үшін   570 миллион теңге сұрайды екен.

Оның айтуынша, элиталы үйлер баяу сатылады. Кейде ұзақ уақыт бос тұрып қалатын көрінеді.

"Қымбат үйлердегі пәтерлер бос тұрып қалатын кездер аз емес, өйткені үй иесі басқа жерде тұрады – не шетелде өмір сүреді, не білім алады, пәтері тозып кетпеуі үшін жалға бергісі келмейді. Ол бос тұрады немесе сатуға шығарылады. Пәтер ұзақ уақыт тұрып қалады. Әсіресе сатушы нарыққа сәйкес келмейтін баға сұраса өтпейді", - дейді Руслан Унгефуг.

Жаңалықтар
0