07:12 17 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD384.05
  • EUR432.79
  • RUB5.96
Көпбалалы аналар

Астанада 21 мың теңге туралы естіген көпбалалы аналар жұмыспен қамту орталығына лап қойды

© Sputnik / Ксения Воронина
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
4378 0 0

Көбейтілген жәрдемақыны ресімдеу үшін елордада ұзын-сонар кезек пайда болды

АСТАНА, 2 наурыз — Sputnik. Мемлекет басшысы уәде бергендей әр балаға 21 мың теңге жәрдемақы алу үшін елорданың жұмыспен қамту орталығына көпбалалы ата-аналар ағылды, алайда олар бұл көмекті маусымға дейін ала алмайды.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұқара халықтың осылайша лап қоюына жұмыспен қамту орталығы дайын емес болып шықты – әр кеңесшіге шамамен жүз клиенттен келеді. Тұрғындар кезекте ұзақ күтуге мәжбүр екендерін айтып шағымданды.

Орталық директорының орынбасары Данияр Нұрпейісов процедураның ұзаққа созылуын халыққа қызмет көрсету сапасына қойылатын талаптармен түсіндірді.

"Әр адам – жеке тұлға. Әркімнің басында өз жағдайы бар. Кеңес бергенде деректер базасын қарап, толыққанды түсіндіріп, мәлімет беруге тиіспіз", - деп атап өтті ол.

21 мың теңге жәрдемақы алу үшін құжаттар қабылдау әлі басталған жоқ, деп хабарлады орталық директоры Абай Баймолдин орталыққа жиналған көпбалалы аналарға. Бұл процесс ерте дегенде маусым айында басталады, яғни әуелі жаңа ережелер күшіне енуі тиіс.

21 мың теңге жәрдемақы қашаннан бастап төленеді?

Қазір, оның айтуынша, кеңесшілердің басты мақсаты – орталыққа келген көпбалалы азаматтарға осы мәселені түсіндіру.

Аласапыранды басып, көпбалалы ата-аналарды тыныштандыру үшін дүйсенбіден бастап консультанттар санын көбейту жоспарланған.

Кілт сөздер:
жұмыспен қамту, жәрдемақы, көпбалалы отбасы, Астана
Загрузка...

Басты тақырып