Елорда тынысы

Астана атауын өзгертуге қанша ақша жұмсалады: министр жауап берді

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуНұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтан қаласындағы маңдайша жазуларды ауыстыруға қаражат қалай бөлінетіні белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Елорда атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту үшін бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейді. Бұл туралы бүгін премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Астана атауын өзгерту үшін қосымша қаражат бөлінбейді. Мұның бәрі ағымдағы бөлінген қаржы есебінен жүзеге асады", - деп сендірді министр үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан мемлекеттік органдардың ғимаратының белгілері де жыл сайын бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асады.

Жеке куәліктер - Sputnik Қазақстан
Елорда тынысы
Нұрсұлтандықтар құжаттарын қашаннан бастап ауыстыратыны белгілі болды

"Бланктерді өзгерту бойынша. Біздің мемлекеттік органдар электронды құжат айналымына көшкенін білесіздер. Сондықтан бланктерді өзгерту айтарлықтай шығынды қажет етпейді. Нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгеріс енгізу үшін де қосымша ақша керек емес. Жергілікті атқарушы органдардың белгілері мен бланктерін өзгерту жергілікті бюджеттің шығындары есебінен іске асырылады", - деді Смайылов.

Премьер-министр елорда атауының өзгеруіне қатысты пікір білдірді

Ол елорда әкімдігі ғимараттардың маңдайшалары мен атауларды бір мезетте емес, кезең-кезеңмен ауыстыруды жоспарлап отырғанын атап өтті.

"Астана қаласының бюджетінде ескірген белгілерді ауыстыру үшін жыл сайын 40 миллион теңге қарастырылады. Сондықтан қосымша ақша бөлінбейді, бәрі қазір сол қазіргі бюджет шегінде", - деді министр.

Астана Нұр-Сұлтан деп өзгерді: министрлік көпті мазалаған мәселеге нүкте қойды

Жаңалықтар
0