Елорда тынысы

Сұлтанов 417 отбасыға пәтер кілтін табыс етті

CC0 / / Пәтер кілті
Пәтер кілті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баспаналы болғандар арасында 24 көпбалалы отбасы да бар

НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр – Sputnik. Бүгін елорда тұрғындары Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен қоса қоныс тойын тойлап жатыр. Қала әкімі Бақыт Сұлтанов баспана кезегінде тұрған 417 отбасыға пәтер кілтін тапсырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Баспаналы болғандардың арасында 24 көпбалалы отбасы да бар.

"Бүгін – кезекте тұрған елордалықтар үшін үлкен қуаныш. "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында 417 отбасы баспаналы болды. Баршаңызды көптен күткен және айтулы оқиғамен құттықтаймын. Сіздердің үйлеріңізде әрқашан бейбітшілік, келісім және амандық үстемдік етсін!", - деді Сұлтанов.

Салтанатты рәсімнен кейін қала әкімі жаңа тұрғын үй кешенінің ауласына ағаш отырғызды.

Мемлекеттен баспананы кімдер тегін алады?

Әкімдіктің ақпаратынша, биыл елордада жалпы ауданы 141,8 мың шаршы метрді құрайтын 1,9 мыңнан астам пәтері бар жеті көпқабатты тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Бір шаршы метрі – 115 теңге: сенат заңды қабылдады

Дегенмен демографиялық процестер мен көші-қон ағынын ескерсек, тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың саны ұлғаюда. Бүгінгі таңда елордада 45 748 адам баспана кезегінде тұр. 

Жаңалықтар
0