21:45 17 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.81
  • EUR430.27
  • RUB6.06
Нұр-Сұлтан

Елорданың әнұранын жаз да, 3 миллион теңге ұтып ал – әкімдіктің конкурсы

© Sputnik / Медина Куракова
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
76 0 0

Елорданың үздік рәміздерін жасаудан шығармашылық байқау жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр — Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімдігі қала әнұраны, елорда туралы ең үздік ән, сондай-ақ Қазақстан астанасының логотипі мен ұранының ең үздік брендбугін жасаудан шығармашылық байқау жариялады. Жеңімпаздар 3 000 000 теңге алады.

Конкурс 2019 жылдың 27 мамырынан 24 маусымына дейін өткізіледі.

Конкурсқа кімдер қатыса алады

Конкурсқа кәсіби және әуесқой композиторлар мен ақындар, музыкалық және шығармашылық топтар, дизайнерлер, суретшілер, сондай-ақ республиканың тұрғындары мен қала тұрғындары өз жұмысын жібере алады.

Жұмысты қайда жіберу керек

Байқауға қатысқысы келетіндер Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасына 2019 жылдың 24 маусымынан кешіктірмей мына материалдарды тапсыруы керек:

  • Толтырылған өтінім;
  • CD-форматында алдын-ала таңдау үшін жұмыстың аудио жазбасы;
  • Бренд кітапшасының эскиздері (нобай A4, A3 қағазының қалың парағына жазылуы керек);
  • Шығармашылықты сипаттайтын түсіндірме жазба.

Елорда туралы әндер қандай болуы тиіс

Әндер кез келген жанрда және әртүрлі орындаушылар үшін жазылуы мүмкін. Бірақ бұрын жарияланбаған болуы керек және республиканың астанасына жоғары руханилық, отансүйгіштік, махаббат пен мақтаныш идеяларын ұстануы керек.

Қазылар алқасы белгілі композиторлардан, ақындардан, суретшілерден, дизайнерлерден және ұйымдастыру комитетінің мүшелерінен тұрады. Әрбір байқаудың жеңімпазы дипломмен және 3 000 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтанда жылдың үздік тәрбиешісі анықталды
"Астана аруы-2018" жеңімпазы белгілі болды
Жыр жатта да, 1 млн теңге жеңіп ал: Қазақстанда оқушылардың байқауы басталады
Нұр-Сұлтанның ең сұлу қызы "Sputnik Қазақстан таңдауы" атанды
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, байқау, әнұран
Загрузка...

Басты тақырып