Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда бүгіннен бастап қозғалыс шектеледі

© Sputnik / Максим БлиновАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
1 маусымда "Қазақ Елі" алаңында балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтеді  

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр — Sputnik. Нұр-Сұлтанда 30 мамыр мен 1 маусым аралығында қозғалыс ішінара шектеледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

2019 жылдың 1 маусымында "Қазақ Елі" еліміздің бас алаңында елорда тұрғындарының қатысуымен балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтеді.

Қазақстанда жолаушылар пойыздарының жүру кестесі өзгерді

"Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық ұжымдарының шеруіне байланысты 2019 жылдың 30 мамыры мен 1 маусымы күндері сағат 07.00-ден 13.00-ге дейін Нұр-Сұлтан қаласында мына көшелерде қозғалыс шектеледі: Тәуелсіздік көшесі мен Нәжмеденов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін; Байтұрсынов көшесі мен Тәуелсіздік көшесінен Аманжолов көшесіне дейін; Аманжолов көшесі Байтұрсынов көшесінен Нәжмеденов көшесіне дейін; Нәжмеденов көшесі Аманжолов көшесінен Тәуелсіздік көшесіне дейін", - деп жазылған әкімшілік полиция басқармасының хабарламасында.

Жаңалықтар
0