15:31 24 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD377.18
  • EUR426.14
  • RUB5.98
Пәтер кілті

Елордада көпбалалы отбасыларға 150 пәтер берілмек

© Sputnik / Нина Зотина
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
51 0 0

Нұр-Сұлтанда 46 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр, оның 3 мыңнан астамы көпбалалы отбасы

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда "көпбалалы отбасы" санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға  жалға берілетін 150 пәтердің сертификаттарын беру басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Көпбалалы отбасыларға арналған 150 пәтер "Берекелі баспана" қалалық бағдарламасы аясында табысталады. Пәтерлерді беру екі кезеңнен тұрады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев көпбалалы аналардың проблемасын іскерлік жағдайда шешуді тапсырды

Алғашқы кезең 17 маусымға дейін өтеді. Мұнда тұрғындар тиісті құжаттарын жинап, әкімдікке өткізуі тиіс. Ал екінші кезең 15 шілдеде ұйымдастырылады. Онда бағдарламадан өткен көпбалалы отбасыларды пәтерлерге қоныстандыру жұмыстары жүргізіледі.

"Көпбалалы отбасы" санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға  жалға берілетін 150 пәтердің сертификаттарын беру басталды. Бұл аз қамтылған көпбалалы отбасылардың баспана жағдайын жақсартуға мүмкіндік беріп, қала тұрғындарының әл-ауқатының жоғарылауына септігін тигізеді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгінде Нұр-Сұлтанда 46 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның 3 мыңнан астамы көпбалалы отбасы. Биылғы жылдың соңына дейін көпбалалы аналар, тұрмысы төмен азаматтар, мүмкіндігі шектеулі жандарға шамамен 2 мың пәтер беріледі.

"Көпбалалы отбасы" санатында тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар тиісті мәліметті алу үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй қоры" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Р.Қошқарбаев, 39) жүгінуі тиіс, байланыс нөмірі: 79-34-50.

Тақырып бойынша

Шымкентте көпбалалы ата-аналар әлеуметтік көмек үшін ажырасып жатыр
Тоқаев әлеуметтік көмек үшін ажырасуға тосқауыл қоюды тапсырды
Түркістан облысында көпбалалы отбасыларға қосымша 500 мың теңгеден беріледі
Көпбалалы аналар қандай жағдайда баспанасынан айырылатыны белгілі болды
Айына – 6 мың теңге: көпбалалы отбасыларға арналған арендалық үй туралы не білу керек?
Кілт сөздер:
пәтер, баспана, көпбалалы отбасы, Нұр-Сұлтан
Загрузка...

Басты тақырып