05:35 09 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
Баспана, архивтегі сурет

Елордада көпбалалы отбасыларға берілетін арендалық үй: шарттары қандай?

© Sputnik / Владислав Воднев
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
573 0 0

Арендалық пәтерді алу үшін кем дегенде, үш жыл астанада тұрақты тіркеуде тұру қажет

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Елорда әкімінің орынбасары Ерлан Қаналимов көпбалалы отбасыларға арендалық пәтер беру шарттарын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Пәтер қай кезде таратылады

Оның айтуынша, осы жылдың аяғына дейін көпбалалы отбасыларға 928 арендалық пәтер беріледі. Бүгін әкімдік осы санаттағы 150 пәтердің таратылатынын мәлімдеді.

"Қазіргі кезде тұрғын үй қорының мамандары кезектің басында тұрған 150 отбасының телефондарын алып, олардың барлығын шақыртып жатыр. Құжаттарды қабылдау басталды. Құжаттарды қабылдау кезеңі 17 маусымға дейін аяқталады. Сосын оларға арнайы куәлік беріледі. Ол құжатпен 15 шілде мен 1 тамыз аралығында өз үйлеріне кіреді", - деді Қаналимов әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында.

Арендалық пәтердің ақысы

Әкімнің орынбасары арендалық пәтердің 5 жылға берілетінін жеткізді. Көпбалалы отбасылар әкімдіктің тұрғын үй қорымен келісімшарт жасайды. Сосын бес жыл сайын оны ұзартып отырады.

Тағы оқыңыз: Елордада көпбалалы отбасыларға 150 пәтер берілмек

"Бес жылдан кейін ешкім оларға "үйді босат, үйт-бүйт" деп айтпайды. Көпбалалы отбасы қайтадан құжаттарын тапсырады. Ең басты мәселе, ол кісілердің атында басқа үй болмауы керек. Ал арендалық пәтерді алу үшін төлем қабілеттігін растаудың қажеті жоқ. Бірақ кезекке тұру үшін Нұр-Сұлтан қаласында, кем дегенде, үш жыл тұрақты тіркеуде болу керек", - деп атап көрсетті Қаналимов.

Арендалық үйдің ай сайынғы төлемі - шаршы метріне 70 теңге. Сонда бір үйге шамамен 6-7 мың теңгеге шығады. Оған қоса, коммуналдық қызметтер бар.

Баспана қаланың қай ауданынан беріледі

Осы жолы 150 арендалық пәтер берілсе, қараша айында тағы 100-120 пәтер таратылады. Қалған 630-ден астам пәтер Тәуелсіздік күніне орай тапсырылады.
Алғашқы 150 арендалық пәтер Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Рақымжан Қошқарбев көшелерінің қиылысында орналасқан. Ал Тәуелсіздік күніне орай берілетін үйлер бұрынғы орталық базардың аймағында салынып жатқан тұрғын үйлерден таратылады.

Тағы оқыңыз: Көпбалалы отбасыларға арналған арендалық үй туралы не білу керек?

"Арендалық пәтерлердің дені – екі және үш бөлмелі баспана. Екі бөлмелі пәтердің ауданы – 50-55 шаршы метр, ал үш бөлмелі пәтерлердің ауданы – 85-90 шаршы метр", - дейді Қаналимов.

Арендалық пәтерді жеке меншікке аударуға бола ма

Әкімнің орынбасары арендалық пәтерді жеке меншікке аудару мәселесіне де тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, заң бойынша көпбалалы отбасыларға арендалық пәтерді жеке меншікке сатып алуға рұқсат жоқ.

"Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүгедек балалар, әке-шешесі жоқ жетім балалар және тағы басқа азаматтар арендалық пәтерді жеке меншікке түсіре алады. Сосын бюджет қызметкерлеріне де мұндай мүмкіндік беріледі", - деп атап көрсетті Каналимов.

"Берекелі баспана" бағдарламасы басталды

Бүгін елорда әкімдігі "Берекелі баспана" бағдарламасы аясында көпбалалы отбасыларға арендалық пәтер таратылатынын жариялады. Аталған бағдарлама аясында 150 арендалық пәтер беріледі.

Тағы оқыңыз: Тоқаев: көпбалалы аналардың проблемасын заңға сәйкес шешу қажет

Пәтер беру екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезең 17 маусымға дейін өтеді. Мұнда тұрғындар тиісті құжаттарын жинап, әкімдікке өткізуі тиіс. Ал екінші кезең 15 шілдеде ұйымдастырылады. Онда бағдарламадан өткен көпбалалы отбасыларды пәтерге қоныстандыру жұмыстары жүргізіледі.

Ресми мәліметке сәйкес, Нұр-Сұлтанда 46 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр, Олардың ішінде 3 272-cі - көпбалалы отбасылар.

Тақырып бойынша

Түркістан облысында көпбалалы отбасыларға қосымша 500 мың теңгеден беріледі
Елордалық көпбалалы отбасыларға Екібастұздан пәтер берілді - видео
Шымкентте көпбалалы ата-аналар әлеуметтік көмек үшін ажырасып жатыр
"Сендерге бақыт тілеймін" Тоқаев көпбалалы отбасылардың балаларымен кездесті - фото
Рамазандағы игі іс: Түркістанда көпбалалы отбасыға пәтер берілді
Кілт сөздер:
шарттары, пәтер, көпбалалы отбасы, Нұр-Сұлтан
Загрузка...

Басты тақырып