06:16 16 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD383.43
  • EUR432.47
  • RUB6.12
Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қаладағы проблемалы тұрғын үй кешендерін аралады

Нұр-Сұлтан әкімі қордаланған мәселелердің бірін шешуге бел шеше кірісті 

© Photo: Facebook / Altay Kulginov
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
59 0 0

Көлгінов әр апта сайын бір-екі проблемалы көппәтерлі тұрғын үйді аралап тұратынын айтты  

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында үлескерлердің қаржысы салынған 51 проблемалы объект қалды. Олардың құрылысы бюджет есебінен аяқталады. Бұл туралы елорданың жаңа әкімі Алтай Көлгінов қаладағы проблемалы тұрғын үй кешендерін аралау кезінде мәлімдеді.

Көлгінов "Гарант" көппәтерлі тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездесті. "Азбука жилья" үйдің құрылысын  2011 жылы бастаған. Қазір мемлекеттік қолдаудың арқасында бұл объектінің құрылысы жалғасын тауып отыр, 2020 жылдың сәуірінде тапсыру жоспарланған. 
Әкім "Шұбар" тұрғын алабындағы "Комфорт de Luxe" ТК үлескерлерімен де жүздесті. Мұнда 227 адам 2012 жылдан бері баспаналарын күтіп жүр екен. Бұл нысанды осы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған. 

"Әр апта сайын бір-екі проблемалы көппәтерлі тұрғын үйді аралап тұрамын. Жоспарлы кесте түзілді. Құрылыстың аяқталу процесін және созылып кеткен үлескерлер мәселесінің түбегейлі шешімін табуды бақылауда ұстаймын", - деп атап өтті Көлгінов.

Қалада үлескерлердің қаржысы салынған құрылысы аяқталмаған 51 проблемалы нысан қалған. Олардың құрылысы бюджет есебінен (қайтарымды қаражат) аяқталады. 

Тағы оқыңыз: Көлгінов астананы дамыту үшін қандай жұмыстар жүргізетінін айтты

Тақырып бойынша

Көлгінов көпбалалы аналардың проблемасын қалай шешетінін айтты
Тоқаев Нұр-Сұлтанның жаңа әкіміне бірқатар тапсырма берді
Көлгіновтің әкім қызметіндегі бірінші демалысы қалай өтті
Нұр-Сұлтан халқы жаңа әкімге тікелей хабарласа алады
Нұр-Сұлтанның үздік түлектері әкімнің қолынан "Алтын белгі" алды - фото
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, үлескерлер, Алтай Көлгінов
Загрузка...

Басты тақырып