Елорда тынысы

Орындаушыдан бастық көп - Көлігіновтің неге көңілі толмады?

© Sputnik / Владислав ВодневАким столицы Алтай Кульгинов на встрече с обладателями Алтын Белгi
Аким столицы Алтай Кульгинов на встрече с обладателями Алтын Белгi - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елорда әкімі Нұр-Сұлтанды газдандыру бойынша көшпелі жиын өткізді

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов астаналық энергетиктердің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды елорда әкімінің ресми сайты.

Көлгінов ЖЭС-2-де болып, Нұр-Сұлтанды газдандыру бойынша көшпелі жиын өткізді. Кеңес барысында жобалық-сметалық құжаттаманың бір бөлігі дайын емес екені анықталды.

"Сараптама әлі өтпеген. Қазір конкурс бойынша сот отырысы жүріп жатыр. Кейбір жобалар бойынша әлі күнге дейін конкурс жарияланбапты. Бұл жауапты құрылымдар арасында өзара келісімнің жоқтығынан болып отыр. Орындаушыларға қарағанда бастықтар көп", - делінген әкімдік сайтындағы хабарламада.

Жиын барысында алдағы жылыту маусымына көмір жеткізу, "Астана-Энергия" АҚ балансына "ЖЭС-1 және ЖЭО-2 кеңейту және қайта құру" жобасы аясында салынған жабдықтарды беру талқыланды.

Тағы оқыңыз: Көлгінов астананы аралап, кемшін тұстарын атады

Астана жылу электр станциясын газдандырудың 2019-2021 жылдарға жоспарланған бірінші кезеңінде қаланы 633,67 миллион куб метр газбен қамту көзделген, бұл - елордадағы жалпы газ тұтыну көлемінің 96 проценті.

Айта кетсек, жылу беру маусымында барлық қазандықтың жұмыс істеуіне байланысты жабдықтар жөнделмейтін болады. Сондай-ақ қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарылуын қысқарту мақсатында шаралар атқаруға тапсырма берілді

"ЖЭС-1 және ЖЭО-2 - елорданың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін стратегиялық нысандар. "Астана-Энергия" АҚ басшылығы барлық келісілмеген мәселені шұғыл шешуі қажет. Біз жылу электр орталығын газ қабылдауға дайындауымыз керек. Тиісті бөлімшелер апта сайын атқарылған жұмыс туралы есеп беруі тиіс", - деді әкім.

Тағы оқыңыз: Президент не үшін Көлгіновті әкім етіп тағайындағанын түсіндірді

Жаңалықтар
0