Елорда тынысы

Полиция Нұр-Сұлтанда тыр жалаңаш серуендеген тұрғынды ұстады – видео

© Sputnik / Владислав ВодневПолиция көлігі, архивтегі фото
Полиция көлігі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қоғамдық тыныштықты бұзған ер адамды дәрігерлер алып кетті, деп хабарлады полиция

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде — Sputnik. Елорданың тәртіп сақшылары Нұр-Сұлтан көшелерімен тыр жалаңаш күйінде серуендеген ер адамды полиция бөлімшесіне жеткізді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от A98 / Новости Астаны (@astanovka98)

Полиция департаменті баспасөз қызметінің Sputnik Қазақстанға хабарлауынша, оқиға 22 шілде күні сағат 20:45-те Бөгенбай батыр көшесі мен Жеңіс даңғылының қиылысында болған.

Тағы оқыңыз: ШҚО-да көшеде тыр жалаңаш қыдырып жүрген бойжеткен видеоға түсіп қалды

Қоғамдық тәртіпті бұзған еркек 49 жаста болып шықты.

"Полиция экипажы ер адамды полиция бөліміне жеткізіп, жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер тексергеннен кейін 1970 жылы туған тұрғынды алып кетті", - деп хабарлады департаменттегілер.

Айта кетейік, елордада жалаңаш жүрген ер адамның видеосы танымал пабликтердің бірінде жарияланды. Видеожазбаның астында қолданушылардың бірі ер адамның астанадағы 35 градус ыстыққа шыдай алмағанын жазса, енді бірі бәстен жеңіліп қалған деп болжады.

 

Жаңалықтар
0