19:10 21 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов

"Зейін қойып тыңдау керек": Елорда әкімі әріптестеріне ескерту жасады

© Sputnik / Владислав Воднев
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
193 0 0

Алтай Көлгінов әкімдік қызметкерлеріне жұмысқа деген көзқарасты өзгертуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз — Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды қабылдады. Тұрғындар дәрі-дәрмек, білім алуға, балабақшаға жолдама алуға, жұмыс табуға және жеке ісін дамытуға көмек сұрап келді, деп хабарлады Елорда Инфо

Қабылдау барысында аудан әкімдері мен басқарма басшыларының және олардың орынбасарларының тұрғындарға әрдайым ақпаратты толық жеткізбейтіні және жүргізіліп жатқан жұмыс жоспарлары мен көмек көрсету шаралары туралы қарапайым тілде түсіндірмейтіні анықталды. 

Қала тұрғыны Нұргүл Иманғалиева бұған дейінгі қабылдау кезінде мамандар әйел адамды қабылдамай, жаңбыр кезінде баламен бірге ғимараттан шығарып жібергенін айтты. 

Ал Асқар Бекмағамбетов өз мәселесін жеткізді. Айтуынша, оның отбасымен бірге тұрып жатқан "Селикатный" тұрғын алабындағы үй апатты жағдайда деп танылған. Қазіргі уақытта онда 50-ге жуық адам тұрады екен. 

"Қазірдің өзінде кіреберістің бір есігі сынған. Біз үйіндінің астында қалып қоямыз ба деп қорқамыз. Бізге үйімізді қашан сүретінін және қай уақытта көшіретінін айтпайды", – деді А. Бекмағамбетов.

Бұл тұрғыда Алтай Көлгінов "Селикатный" тұрғын алабындағы үйлерге баруды жұмыс кестесіне енгізді. Қала басшысы әріптестеріне халықпен нақты кері байланыс орнату қажет екенін атап өтті. 

"Жұмысқа деген қатынасты өзгертіңіздер. Біз халықпен бірге болуымыз керек. Адамдарға қарапайым  ортақ тілмен түсіндіріп, олардың өтініштерін зейін қойып тыңдау керек. Олар бізге өздерінің шешілмей жүрген мәселелерін айтып көмек сұрап келеді. Сол кезде қағазбастылықпен айналысудың керегі жоқ. Жұмыстарыңызға деген көзқарасты өзгертіңіздер. Жауапкершілікті бір-бірлеріңізге жүктей бермей, хабарлап, айтып жұмыс істеу керек", – деді А.Көлгінов. 

Айта кетсек, бір ай ішінде қала басшысы 200-ден аса адамды қабылдады.

Кілт сөздер:
Алтай Көлгінов
Загрузка...

Басты тақырып