06:01 14 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Иллюстративті фото

Бетінен бір тепті: елорданың автобусында болған төбелес – видео

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
312701

Жігіттердің бірі автобустың ішінде балалар мен жүкті әйелдер отырғанына қарамастан, газ балонын қолданған

НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Елорданың полициясы автобуста газ шашып, төбелес шығарған бұзақыны іздеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Принципиально Астана (@eto_astana_detka)

Инстаграмдағы eto_astana_detka парақшасында автобустың ішінен түсірілген видео жарияланды. Онда далада бір жігіт екіншісін басынан тепкенін көруге болады. Таяқ жеген ер адам бетін ұстап жүр. Соған қарағанда газдың әсерінен көзіне зақым келген болса керек.

"Кеше 9-шы автобуста қызыл киім киген бір жігіт бұзақылық жасады. Оның есі дұрыс емес, газ балонын тура автобустың ішінде шашып жіберді. Салонда балалар, қариялар, тіпті екіқабат әйелдер болды. Барлығы газдың салдарынан жөтелді. Артынан төбелес шықты", - деп жазды видео авторы.  

Елорданың полиция департаменті аталған оқиғаның № 9 бағыттағы автобуста болғанын растады.

Тағы оқыңыз: Қарағандыда жергілікті тұрғындар шетелдіктермен төбелесіп кетті – видео

Ресми ақпаратқа сәйкес, сағат 10:00-де қызыл киім киген жігіт газ балоншасын шашып, артынан төбелес шығарған. Сол күні қаланың бір тұрғыны полицияға арыз түсіріпті. Оның сөзіне қарағанда, автобуста белгісіз біреумен сөзге келіп қалғаннан кейін бұзақы оған газ шашқан. Одан кейін бетінен бір теуіп, оқиға орнынан қашып кеткен.

"Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер күдіктіні анықтап, ұстау бойынша шұғыл іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", - дейді департамент мамандары.

Тақырып бойынша

Ауыл тұрғындары мен қытай компаниясының жұмысшылары төбелесіп кетті – видео
Ақтау тұрғыны екі әйелге шабуыл жасап, біреуін өлтірді
Қарағандыдағы төбелеске ұлтараздық алауыздық себеп болмаған – прокуратура
Ресейде жұмыс істейтін қырғыз дөрекілік танытқандардың сазайын берді – видео
Нұр-Сұлтанда ер адам жасөспіріммен төбелесті – видео
Кілт сөздер:
видео, автобус, төбелес
Загрузка...

Басты тақырып