18:16 15 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.71
  • EUR429.17
  • RUB6.02
Елордада Территория комфорта-1 проблемалық нысанын бұзу басталды

Елордада 15 жыл бұрын тұрғызылған тұрғын үй нысаны бұзылып жатыр

© Photo : Елорда әкімдігінің ресми сайты
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
728 0 0

"Территория комфорта-1" нысанында  техникалық нормаларға сәйкес келмейтін бетон пайдаланылған

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов "Территория комфорта – 1" тұрғын үй кешенінде болды. Тұрғын үй кешені 2004 жылы тұрғызыла бастады.   

Техникалық тексеру ғимараттың апатты екенін көрсетті. "Нұр Астана Құрылыс" ЖШС бөлшектеу жөніндегі жобаның жетекшісі Алиакбар Үмбеталиннің айтуынша, бұрынғы құрылыс салушы техникалық нормаларға сәйкес келмейтін бетон маркасын пайдаланған, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 

"№500 марканың орнына құрылыс салушы № 250 пайдаланды. Бұл құрылым тұрғын үйлерді салу үшін қолайлы емес. Арматураның түйіскен жерлерінде байламдар жоқ, ал кей жерлерінде қалау торынан байламдар пайдаланылған. Егер мұндай үйді пайдалануға енгізсе, онда үйдің бір бөлігі техникалық нормаларға сәйкес болмағандықтан бірден құлайды", - деді А. Үмбеталин.

Қала әкімі Алтай Көлгінов бірінші кезектегі міндет – тұрғындарға кілттерді беру екенін атап өтті. Жалпы үлескерлер саны – 500 адам.

"Бастысы инвестор табылды. Егер басқа проблемалық нысандардың ең болмағанда іргетасы қаланса, бұл жерде барлығын бұзып, құрылысты қайта бастау қажет. Инвестор үшін жоба рентабельді, учаске қаланың орталық көшелерінің бірінде орналасқан. Қазір барлығымыз бірге жұмыс істеуіміз керек. Құжаттама бойынша біз көмектесеміз", - деді Алтай Көлгінов.

Аталмыш ТК блоктарын бұзу ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады. Қалада барлығы 51 аяқталмаған объект (76 үй) бар. Құрылыс процесін Nur Otan және мәслихат депутаттары бақылайтын болады. Осы жылдың соңына дейін 10 ТК пайдалануға беріледі.

Тақырып бойынша

Мәскеуде 12 қабатты ғимарат адамдардың көз алдында құлады – видео
2018 жылы Астанада 150 апатты үй сүріледі
"Мектепке жақын орналасқан мешіттер сүріле ме?". Министрлік түсініктеме берді
Алматыда тұрғындар шағымынан кейін көлік жуу бекеті сүрілді — видео
Кілт сөздер:
елорда, тұрғын үй
Загрузка...

Басты тақырып