00:17 24 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD388.96
  • EUR432.21
  • RUB6.09
Астанадағы үйлер, архивтегі сурет

Көлгінов астанадағы қолжетімді баспана кімге берілетінін айтты

© Sputnik / Владислав Воднев
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
478 0 0

Алтай Көлгінов астанада жаңа ескерткіш орнатылатынын айтты. Сондай-ақ, қолжетімді баспана құрылысын арттыру тапсырмасының орындалу барысына тоқталды

НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Көлгінов мемлекет басшысына әлеуметтік жағынан осал топтарды қолдау мақсатында ашылған "Жанұя" орталығының жұмысы, астанада салынатын иппотерапия және екі бірдей оңалту орталығы жайында баяндап берді.

Астанадағы баспана

Қала әкімі қолжетімді баспана құрылысын арттыру туралы президент тапсырмасының орындалу барысы жайында есеп берді. Көлгіновтің айтуынша, бұл тұрғын үйлер кезекте тұрғандарға арналған. Олардың қатарына тұрмысы төмен отбасылар мен жұмыс істейтін жастар еніп отыр.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, астана әкімі үлескерлік проблемасы бар құрылыс мәселесі мен қала шетіндегі ауыл-аймақтарды дамытуға тоқталды. Бұған алдағы үш жылдық бюджетте қаражат қарастырылған. Қаланы газбен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар да сөз болды.

"Үш арыс" ескерткіші орнатылады

Елордада Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай "Абай әлемі" орталығы бой көтереді. Сонымен қатар Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин және Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойларына байланысты қоладан құйылған "Үш арыс" ескерткіші орнатылады.

Жаңа веложол салынады

Елорданың ескі алаң аумағынан бастап қаланың екі жағалауын қосатын жаяу жүргіншілерге арналған жол төселеді. Жалпы жаяу жүргіншілерге ыңғайлы 80 шақырым жол төселіп, алдағы 3 жылда 100 шақырымнан астам веложол салынады.

Қала әкімі сумен қамту жұмысын жетілдіру үшін атқарылатын шаралар туралы да айтты.

Мемлекет басшысы қаланы одан әрі дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Тақырып бойынша

"Тоқтату керек": белгілі экономист Тоқаевтың ұсынысын қолдамады
"Ешкім бере алмайды": вице-министр баспана сұрап, бас көтеретін аналарға жауап берді
Кезекке тұрмайды, бірақ баспана талап етеді: елорда әкімдігі митингілер туралы
Вице-министр көпбалалы отбасылар үшін жағымды жаңалықпен бөлісті
Президент тапсырмасы: Досаев кредит бойынша қарызды кешіру туралы айтып берді
Кілт сөздер:
кезекке тұру, қолжетімді баспана, Қасым-Жомарт Тоқаев, Алтай Көлгінов
Загрузка...

Басты тақырып