23:55 23 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.75
  • EUR434.26
  • RUB6.12
Смог в столице

Тоқаев шетелдіктерден неге ыңғайсызданып жүргенін айтты

© Sputnik / Абзал Калиев.
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
218310

Мемлекет басшысы астанадағы "Сарыарқа" газ құбырының құрылысына қатысты ескерту жасады. Ол, бірінші кезекте, елорданы газдандыру жайын ойлау керек екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласын түтін басқанын айтып, сөзден іске көшуге кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Сарыарқа" газ құбырының құрылысына қатысты ескерту жасады.

"Қаланың энергетикалық инфрақұрылымының негізгі мәселесі "Сарыарқа" газ құбырына қосылуға дайын еместігі болып отыр. Бұл мүлде түсініксіз әдіс. Биылғы жылға қарастырылған 2,7 миллиард теңге қалай басқа өңірлерге бөлінетін болды? Бірінші кезекте, елорданы газдандыру жайын ойлауымыз керек емес пе еді", - деді президент астананы одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі жиында.

Тағы оқыңыз: "Түрмеде отыру керек": Тоқаев бас прокуратура мен министрлікке тапсырма берді

Мемлекет басшысы елорда аспанын тұмшалаған түтіннен қала тұрғындары мен қонақтарынан ыңғайсызданып жүргенін айтты.

"Қыс кезінде астананың көрінісі қандай екенін жақсы білесіздер. Қаланы түтін басады. Ең алдымен тұрғындар алдында ыңғайсыз. Қалада үнемі тұратын шетелдік жұмысшылар мен дипломатиялық корпус алдында да ыңғайсыз жағдайға қалып отырмыз. Осындай проблемалар бола тұра, өзімізді халықаралық хаб, жаһандық қала, Еуразия жүрегі деп көрсетеміз. Сөзіміз ісімізбен үйлеспейді. Бұл дұрыс емес, аз сөйлеп, көп іс тындыру керек, - деді Тоқаев.

Тақырып бойынша

"Біртүрлі отыр": Тоқаевқа елорда әкімдігінің "креативі" ұнамай қалды
Зейнетақы қорындағы ақша "Сарыарқа" газ құбырының құрылысына жұмсалады
Көлгінов Тоқаевтың алдында маңызды мәселені көтерді
"Сарыарқа" газ құбыры Жезқазғанға жақындады
Президент қымбат жоба туралы: іске қосудан басқа амал жоқ
Кілт сөздер:
қонақ үй, тұрғындар, елорда, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып