Елорда тынысы

"Жарылыс деп ойладық": Нұр-Сұлтан тұрғындары ұйқыдан шошып оянды – видео

© Sputnik / Абзал Калиев Развалившийся ЖК "Территория комфорта"
 Развалившийся ЖК Территория комфорта - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түнде елорда тұрғындары гүрсіл мен шуды естіді – құрылысшылар Нұр-Сұлтанның сол жағалауындағы салынып бітпеген ғимаратты құлатты

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Елорда тұрғыны құрылысы аяқталмаған көпқабатты үйді бұзу кезінде қатты тарсылдаған дауыс естілгенін айтып, Нұр-Сұлтан әкіміне шағымданды.

"Түнде салынып бітпеген үйді бұзуға бола ма? Мен жарылыс немесе жер сілкінісі екен деп ойладым. Орнымнан атып тұрып, қызымды оятуға жүгірдім, содан кейін үйден қашып шығу үшін құжаттарымды алдым. Бақытымызға орай, күйеуім ұйықтамаған екен, мені тыныштандырды. Көлгінов Алтай Сейдірұлы (Нұр-Сұлтан әкімі – Sputnik), "Территория комфорта-1" құрылыс алаңында не пәле болып жатыр. Басқа уақыт таппадыңыздар ма?" - деп жазды көрші үйдің тұрғыны Айнұр Коскина.

Нұр-Сұлтанның сол жағалауындағы тұрғын үй кешенін бұзу жұмыстары қыркүйек айында басталды. 24 қазан күні кешке құрылысшылар ғимаратты құлатты, өйткені жарықшақ түсуіне байланысты биіктікте бұзу қауіпті болған.

© Sputnik / Абзал КалиевҚұлатылған "Территория комфорта" тұрғын үй кешені
Жарылыс деп ойладық: Нұр-Сұлтан тұрғындары ұйқыдан шошып оянды – видео - Sputnik Қазақстан
Құлатылған "Территория комфорта" тұрғын үй кешені

"Үй құрылыс алаңында орналасқан. Сағат 22:40-та біз барлық жұмысты аяқтадық. Үй біз жоспарлағандай тегіс құлады. Басқа жаққа ауып кетті деген қауесет негізсіз. Бұл жұмыстарды екі апта бұрын жоспарлап, барлығын жоспар бойынша жасадық", - деді Sputnik Қазақстанға "Территория комфорта" тұрғын үй кешенін бөлшектеу жөніндегі бас маман Алиакбар Үмбеталин.

Тағы оқыңыз: Депутат Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік тұрғын үйлердің қорқынышты екенін айтты 

Сонымен қатар Үмбеталин жұмыс түнгі уақытқа әдейі жоспарланғанын түсіндірді, өйткені күндіз бұл аумақта адам көп жүреді, қала тұрғындарының бірі құрылыс алаңына кіріп кетіп, зардап шегуі мүмкін.

"Жұмыс түнде жүргізілді, өйткені адамдарға тоқтап, суретке түсіріп тұруға болмайтынын түсіндіре алмайсың. Біз үйді тегіс көпшікке құлаттық, шаң бес метрге ұшты, қатты гүрсілдеген жоқ. Жақын жерде тұрған бірде-бір көліктің дабыл жүйесі іске қосылмады", - дейді бөлшектеу маманы.

© Sputnik / Абзал Калиев"Территория комфорта" ТК бөлшектеліп жатыр
Жарылыс деп ойладық: Нұр-Сұлтан тұрғындары ұйқыдан шошып оянды – видео - Sputnik Қазақстан
"Территория комфорта" ТК бөлшектеліп жатыр

Құрылысшылар үш-төрт күн ішінде ғимаратты бөлшектемекші. Осыдан кейін ол қалдық ретінде шығарылады немесе іргетас салу үшін алдағы уақытта пайдаланылады, шешімді қала әкімшілігі қабылдайды.

"Территорию комфорта" неліктен сүріліп жатыр

"Территория комфорта-1" ТК 2004 жылы салына бастады. Құрылыс 15 жыл бойы аяқталмады. 2017 жылы ұзақ мерзімді құрылыс жобалары – "Территория комфорта-1", "Территория комфорта-2" және "Орбита" тұрғын үй кешендерімен танымал Tamiz Invest Group құрылыс компаниясының басшылары үлескерлердің қаржысын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.

Техникалық тексеріс үйдің апатты жағдайда тұрғанын көрсетті. Қыркүйек айында құрылысшылар ғимаратты бөлшектеуге кірісті. Мамандардың айтуынша, бұрынғы құрылыс салушы техникалық нормаларға сәйкес келмейтін бетон маркасын қолданған.  

Жаңалықтар
0