18:14 15 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.49
  • EUR427.26
  • RUB6.06
Астана көрінісі

Елорданың сол жағалауы жарықсыз қалды

© Sputnik / Владислав Воднев
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
341 0 0

"Левобережная" қосалқы станциясының кабель каналынан өрт шығып, елорда орталығындағы тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттар жарықсыз қалды

НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. Елорданың сол жағалауында орналасқан үйлер мен кеңселер, әкімшілік ғимараттар жарықсыз отыр. Оған "Левобережная" қосалқы станциясындағы авария себеп болған.

Ақмола электр желілерін тарату компаниясы баспасөз қызметінің ақпаратынша, 10 қарашада кабель желісі зақымданып, салдарынан "Левобережная" қосалқы станциясының кабель каналынан өрт шықты.

"Апат түнгі сағат екіден кейін басталды. Өрт сөндіру бригадаларын тоқ соқпауы үшін қауіпсіздік мақсатында осы кабель желісіне қосылған тұтынушылар тоқтан ажыратылды",- деп мәлімдеді ведомстводан.

Бұл қосалқы станциядан электр энергиясын алатын нысандардың арасында Ақорда, Nur Otan партиясының ғимараты, "Әбу-Даби Плаза" ауданындағы тұрғын үйлер бар.

15 адам мен алты арнайы техника апат салдарын жоюға кірісті.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда полиция "Хан Шатырды" қоршап алды 

Бес жедел-көшпелі бригада нысандарды қайта қосу жұмысымен айналысып жатыр. Қолда бар барлық мобильді дизель-генераторлық қондырғылар жұмылдырылды.

Кабель желілерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Загрузка...

Басты тақырып