Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда ішкі істер министрлігінің орталық госпиталі сусыз қалды

© Photo : СС0 / U. LeoneВода
Вода - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтанда ірі медициналық мекемелердің бірінің сумен қамту жүйесі апаттық жағдайда ажыратылды, деп хабарлайды елорда әкімдігі

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығындағы апат салдарынан астана орталығында орналасқан ішкі істер министрлігінің орталық госпиталі мен емханасы сусыз отыр.

Медициналық мекемеде 12 қараша түнгі сағат 00.20-дан бастап су жоқ.

"Су құбырының Д=250 миллиметрге зақымдалуына байланысты Қабанбай батыр даңғылы 66 мекенжайына ауыз су беру тоқтатылды", - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігі жанындағы қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы.

Ведомство мәліметінше, қазір медициналық мекеме пациенттеріне су жеткізілуде.

Ішкі істер министрлігі орталық госпиталінің ресми сайтындағы ақпаратқа сай, емхана бір ауысымда 250 пациент қабылдайды, ал стационар 200 жатын орынға есептелген.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтан орталығы апат салдарынан жарықсыз қалды – видео

Еске сала кетсек, жексенбі, 10 қараша күні елорданың "Сол жағалау" қосалқы станциясында апат болды. Оның салдарынан 25 әкімшілік ғимарат пен жеті тұрғын үй кешені жарықсыз қалды.

Электр қуаты тек дүйсенбі, 11 қараша күні берілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы оқиғаға байланысты тергеу жүргізіп, кінәлілерді анықтауды тапсырды.

Тағы оқыңыз: Кім кінәлі? Нұр-Сұлтанда жарықтың өшуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жаңалықтар
0