11:34 11 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD386.19
  • EUR427.71
  • RUB6.07
Оқушы, архив фото

Нұр-Сұлтанда бастауыш сыныптар үшін сабақ болмайды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
265 0 0

Бүгін елордада аязға байланысты екінші ауысымда оқитын 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды, деп хабарлады білім басқармасы

НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша – Sputnik. Сабақтың болмайтыны туралы ақпаратты бас қаланың білім басқармасы таратты.

"20 қарашада ауа райы қолайсыздығына байланысты (қатты аяз) қала мектептерінде екінші ауысымда оқитын 0-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды", - делінген ведомство мәліметінде.

Бүгін таңертең де астанада 0-9 сынып оқушылары мектепке барған жоқ. Бұған таңғы минус 27 градустық аяз себеп болды.

Жуырда еліміздің бірқатар өңірінде жабысқақ қар, көктайғақ пен ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты дабылды ескерту жарияланған болатын.

Сабақтың болмайтыны жайлы қайдан білеміз

Ескертуді білім саласындағы мемлекеттік органдар жасайды. Бірінші ауысым сағат 6:00-ден, ал екінші және үшінші ауысым жөнінде сағат 12:00-лерден бастап хабарланады.

Тағы оқыңыз: Синоптиктер Қазақстанда 33°С аяз болатынын ескертті

Тақырып бойынша

Қарашаға ауа райы болжамы: аязды күндер қашан келеді
Қазақстанның жеті өңірінде дабылды ескерту жарияланды
-30° градус болады: ертеңге арналған ауа райы болжамы
Кілт сөздер:
аяз, сабақ, Нұр-Сұлтан
Загрузка...

Басты тақырып