Дегенмен астаналық ер адамның әрекеті жұртты таңғалдырды. Ол аязға қарамастан көшеде жеңіл киіммен жүрді. Бұл сәтті Sputnik Қазақстан фотографы камерасына түсіріп үлгеріпті.
Жұртты өзіне қаратқан тұрғын үстіне қысқа жеңді жейде мен джинсы шалбар ғана киген екен. Бір қызығы, ол айналысындағы тоңған адамдарға назар аудармайды.

Елордалықтар ер адамның қақаған аязда жеңіл киіммен жүретінін жиі көретін болып шықты.