Елорда тынысы

98 рет заң бұзған: елордалық жүргізушінің айыппұлы полицияны шошытты

© Sputnik / Тимур БатыршинКамеры видеонаблюдения в Алматы
Камеры видеонаблюдения в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астаналық полицейлер жол ережесін жиі бұзатын көлік жүргізушісін ұстап, оған 6 миллион теңге көлемінде айыппұл салды

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Елордалық тәртіп сақшылары 98 рет жол ережесін бұзған автокөлік иесін құрықтады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Үшінші желтоқсан күні құқық қорғаушылар "Volvo Xc90" маркалы автокөлікті тоқтатыпты.

"Бейнебақылау камераларын тексеру барысында автомобильдің жол ережесін бұзғаны анықталды. Ал көлік құжатын тексерген кезде машина жүргізушісінің 6 миллион 95 мың 350 теңгеге 98 рет жол ережесін бұзғаны белгілі болды", - деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жол ережесін жиі бұзатын тағы бір көлік жүргізушісін ұстапты.

"Патрульдік полицейлер "Lexus LX 570" маркалы автомобильді тоқтатты. Тексеріс барысында жүргізуші жалпы соммасы 2 миллион 489 мың 650 теңгеге 49 рет жол ережесін бұзғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апаты болды – видео

Қазіргі таңда қос машина айыппұл тұрағына жеткізілді.

Жаңалықтар
0