23:05 18 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD376.51
  • EUR418.91
  • RUB6.13
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
859 0 0

Қазгидромет синоптиктерінің мәліметінше, астанада жауын-шашынды жылы ауа райы апта соңына дейін сақталуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары 5 желтоқсан күні түстен кейін аяқ астынан жаңбыр жауа бастағанын, одан кейін оның жабысқақ қарға ұласқанын байқады. Sputnik Қазақстан тілшісі мамандардан елдің солтүстігі үшін желтоқсандағы жаңбыр ауытқу саналатынын не саналмайтынын білді.

Синоптиктер бұндай құбылысты ел аумағына жылу және ылғалмен бірге жылжып келе жатқан аналитикалық циклонмен байланыстырып отыр.

"Бұл ауытқу ма, жоқ па, мен айта алмаймын. Бірақ бұл көпжылдық көрсеткіштен жоғары. Иә, біз осындай ауа райы болатынын білдік, болжадық. Қысқы кезеңде осындай жағдай оңтүстік жақтан жылы циклон шыққанда болады. Сол кезде бізде жаңбыр немесе жабысқақ қар жауып кетуі мүмкін", - деді Sputnik Қазақстанға Қазгидромет инженер-синоптигі Алуа Саханова.

Даладағы термометрлер күндіз 0 - плюс 2 градусты көрсетті, ал кешке қарай температура 1 градусқа суытады.

Маманның айтуынша, қалада жауын-шашынды жылы ауа райы тағы үш күн сақталауы мүмкін.

Қазгидромет болжамына сай, алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облысында жабысқақ қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Ал солтүстік, орталық және шығыс аудандарда батыстан екпінді жел соғып, бұрқасындатады, ал ауа температурасы жылдағы орташа көрсеткіштен жоғары болады.

Тақырып бойынша

"Екі есе қымбаттайды": көлікті қысқа дайындау бағасы қандай?
Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты
Фотофакт: елордада 30 градус аязда жейдемен жүрген ер адам жұртты таңғалдырды
35°C аяз: синоптиктер желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты
Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды
Кілт сөздер:
жаңбыр, ауа райы, Нұр-Сұлтан
Загрузка...

Басты тақырып