06:41 17 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD377.19
  • EUR408.99
  • RUB5.93
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
121 0 0

Астаналықтар "Денистің достары" мұз шоуын, "Тәуелсіздік бабалар мұраты" атты фотокөрмені тамашалай алады

НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан – Sputnik. Алдағы демалыс күндері елордалықтар театрлық қойылымдар, концерттік бағдарламалар, спорттық шаралар мен әсерлі шоуларды тамашалай алады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Сенбі, 14 желтоқсан

Астаналықтар "Денистің достары" мұзды шоуын тамашалай алады. Шара сағат 18.30-да "Барыс Арена" мұз сарайында өтеді. Жоба Қазақстанда мәнерлеп сырғанауды дамытуға және танымал етуге, елдер арасындағы туризм мен достықты дамытуға және Денис Тенді мәңгі есте сақтауға бағытталған. Сондай-ақ, сағат 19.30-да ресейлік әнші Ольга Бузованың Конгресс Орталығында "Принимай меня" ән кеші өтеді.

Жексенбі, 15 желтоқсан

Астана Опера театрының шығармашылық ұжымы сағат 12.00-де жас көрермендерге "Самұрық келген таң" музыкалық ертегісін дайындады. Онда Самрұқ сиқырлы құсын іздеуге шыққан батыл Айдар мен Айжанның шытырман оқиғалары жайлы баяндалады. Спектакль "Балаларға арналған драмалық шығарма" номинациясы бойынша VII Республикалық "Тәуелсіздік толғауы" конкурсының І премиялы сыйлығының лауреаты атанғанын атап өткен жөн. Өнерсүйер қауым Империялық орыс балетінің "Щелкунчик" жаңа жылдық ертегісін тамашалай алады. Қойылым 14 желтоқсанда сағат 18.00-де, 15 желтоқсанда сағат 13.00-де Nomad City Hall театрында өтеді.

Сондай-ақ, елордалықтар 14-18 желтоқсанда сағат 10.00-18.00 аралығында С.Сейфуллин музейінде "Тәуелсіздік бабалар мұраты" атты фотокөрмесін тамашалай алады.

Дүйсенбі, 16 желтоқсан

Сағат 12:00 және 16:00-де елордалық циркте мерекелік дивертисмент болады. Ал сағат 15.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында "Егемен елдің ертеңі" ҚР Тәуелсіздік күніне арналған концерт өтеді. Спорт сүйер қауым назарына да бірқатар шара ұйымдастырылды. Осылайша, астаналықтар 16-17 желтоқсан таңғы 9.00-де "Алау" СК өтетін Тәуелсіздік күніне арналған садақ атудан Нұр-Сұлтан қаласының ашық кубогына қатыса алады. Тау туризмінің жанкүйерлері 16-17 желтоқсан күндері туристік көпсайыстан Нұр-Сұлтан қаласының ашық кубогының 4 кезеңін тамашалай алады. Жарыс сағат 10.00-де № 19 орта мектепте өтеді.

Сейсенбі 17 желтоқсан

Сағат 10.00-де Паралимпиадалық жаттығу орталығында волейболдан ашық турнир өтеді. Ал 16-20 желтоқсан сағат 9.00-де "Дәулет" спорт кешенінде теннистен "Nursultan Masters 10&under" балалар турнирі өтеді деп жоспарланып отыр.

 

Кілт сөздер:
демалыс күндері, Тәуелсіздік күні
Загрузка...

Басты тақырып