06:57 17 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD377.19
  • EUR408.99
  • RUB5.93
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
Жәрдемақы қалай төленеді (51)
784 0 0

Құжат тапсыратын азаматтар өтініш пен жеке куәлігін ұсынуы қажет. Сондай-ақ, тұрғылықты жеріңізде тіркеуде болуыңыз керек

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар — Sputnik. Нұр-Сұлтанда бүгіннен бастап халықты атаулы әлеуметтік көмекпен барынша қамту мақсатында азаматтардың өтініштерін қабылдау басталды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Құжаттар Алматы, Байқоңыр, Есіл, Сарыарқа аудандарының әкімдіктерінде,  Халықты жұмыспен қамту орталығында, "Жанұя" отбасын қолдау орталығында қабылданады.

Азаматтарды қабылдау алфавиттік тәртіпте өтуде.

Атаулы әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап тағайындалатынын атап өткен жөн, өтініш берілген күнге қарамайды.  Яғни, өтініш 20 қаңтарда немесе айдың соңғы күнінде тапсырылса да, төлем толық ай бойы төленеді.

Жалақы, жәрдемақы және кредит: Қазақстанда 2020 жылдан бастап не өзгереді

Құжат тапсырушы азаматтар өтініш пен сәйкестендіру үшін жеке куәлігін ұсынуы қажет. Сондай-ақ, тұрғылықты жеріңізде тұрақты немесе кемінде 6 ай  уақытша тіркеуде болуыңыз керек.

Естеріңізге сала кетейік, атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері бұрынғыдай отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісі мен отбасының әр мүшесі үшін күнкөріс деңгейінің 70% арасындағы айырмашылықты құрайды (2020 жылдың 1-тоқсанына күнкөріс деңгейі – 34 654 теңге, кедейлік шегі – 22 258 теңге).

Тақырып:
Жәрдемақы қалай төленеді (51)

Тақырып бойынша

Тоқаев Шөкеевке халықтың табысына қатысты тапсырма берді
Парламент көпбалалы отбасылардың жәрдемақысына қатысты заңды қабылдады
Әлеуметтік көмек беру кезінде айла-шарғыға барған 15 адамның басы бәлеге қалды
1 қаңтардан бастап жәрдемақы беру тәртібі өзгереді
Тоқаев атаулы әлеуметтік көмек туралы ойын айтты
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, атаулы әлеуметтік көмек
Загрузка...

Басты тақырып