18:42 29 Наурыз 2020
Тікелей эфир
  • USD445.84
  • EUR490.47
  • RUB5.73
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
640 0 0

Полиция мәліметінше, құрдасын жаралаған жасөспірімнің өзі де зардап шеккен. Жанжал себептері айтылған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар — Sputnik. Елордада екі оқушы арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан. Суық қару да қолданылған екен.

Оқиға 16 қаңтарда Нұр-Сұлтандағы оқу орындарының бірінің маңында болыпты.

"Төбелес болған. Жасөспірімдердің бірі бәкі алып шығып, сыныптасын жарақаттаған. Бұған қоса, абайсызда өз қолын кесіп алған", – деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.

Тәртіп сақшыларын оқиға куәгері шақырған. Одан кейін оқушыларға медициналық көмек көрсетілген.

Құқық қорғау органдары қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-тармағы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Тағы оқыңыз: 2019 жылы бүкіл елді дүрліктірген оқиғалар - видео

Оған сәйкес, кінәлі адамға екі мың айлық есептік көрсеткішке дейін (1 АЕК – 2651 теңге) айыппұл салу немесе түзеу жұмыстарына тарту, екі жылға дейін бас бостандығын шектеу не бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тақырып бойынша

Қыздың басын кім кесті – оңтүстікте болған қанды оқиғаның мән-жайы
Кәсіпкерді отбасымен қырып салды: БҚО-дағы қылмыстың мән-жайы белгілі болды
Астанада оқушыны пышақтау оқиғасының мән-жайы белгілі болды
Текеліде қаруланған адам тұрғындарға шабуылдап, біреуін өлтіріп тастады  
Біреуінің халі нашар: Алматы облысында үйлену тойы пышақтасумен аяқталды
Кілт сөздер:
төбелес, оқушылар, елорда
Загрузка...

Басты тақырып