22:34 31 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD411.54
  • EUR458.13
  • RUB5.84
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
1227 0 0

Елорда әкімдігінің қызметкерлері Байқоңыр ауданының жаңа басшысы Нұрбол Нұрсағатов тәжірибелі маман екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Бүгін президент әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Нұрбол Нұрсағатов Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының әкімі болып тағайындалды.

"Нұрбол Нұрсағатов – меритократия қағидасына сәйкес жетекші маманнан бастап, комитет төрағасының орынбасары, басқарма басшысы лауазымына дейінгі жолдарды өткен тәжірибелі маман", - деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа аудан әкімі туралы не білеміз?

Нұрбол  Нұрсағатов 38 жаста.

Еңбек жолын 2004-2005 жылдары индустрия және сауда министрлігінің құрылыс комитетінде жетекші маман, бас маман болып бастаған.

2005-2008 жылдары қала әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында бас маман, бөлім басшысы, директор орынбасары болған.

2008-2011 жылдары – Астана қаласы әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының орынбасары;

2011-2012 жылдары ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.

2014-2019 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары басқармасына, Алматы қаласы әкімдігінің құрылыс басқармасына және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қоршаған ортаны қорғау басқармасына басшылық жасады.

Бұрынғы әкімге не болды?

Елорданың "Байқоңыр" ауданының бұрынғы әкімі Асқар Есілов пара алды деген күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ақпаратты растады.

Оған жекеменшік компания өкілінен "Байқоңыр" ауданын абаттандыру бойынша субмердігерлік жұмыстарды алуға жәрдемдескені үшін пара түрінде iPhone-ның соңғы нұсқасын алды деген айып тағылды.


 

Тақырып бойынша

Қазақ Омбы облысының бас ревизоры болды
Болат Бақауов сотқа дейін қамауда болады
Шымкентке жаңа әкім келді
Алматыда бұрынғы аудан әкімі ұсталды
Нұр-Сұлтанда әкім күдікке ілінді – оған қандай айып тағылып отыр
Алматыдағы атышулы генерал-майор жаңа қызметке тағайындалды
Кілт сөздер:
әкім, Нұр-Сұлтан
Загрузка...

Басты тақырып