Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда тағы екі көше біржақты болады

© Sputnik / Абзал КалиевВиды Нур-Султана зимой
Виды Нур-Султана зимой - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елорданың полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасымен бірге екі көшеде бір бағытты қозғалыс енгізу туралы шешім қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. 15 ақпаннан бастап Нұр-Сұлтандағы Рамазан және Әубәкір Ысмайылов көшелерінде біржақты қозғалыс енгізіледі.

Елорда әкімдігіне тұрғындар тарапынан аталмыш көшелерде қозғалыс қиындағаны туралы көптеген өтініш келіп түсті. Нәтижесінде полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасымен бірге жолдың техникалық жағдайына шолу жасап, бір бағытты қозғалыс енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

© Photo : акимат Нур-СултанаРамазан және Әубәкір Ысмайылов көшелеріндегі қозғалыс сызбасы
Нұр-Сұлтанда тағы екі көше біржақты болады - Sputnik Қазақстан
Рамазан және Әубәкір Ысмайылов көшелеріндегі қозғалыс сызбасы

Көлік қозғалысын сағат тілімен ұйымдастыру жоспарланған, атап айтқанда, біржақты қозғалыс Рамазан көшесінің бойымен шығыс бағытта және Әубәкір Ысмайылов көшесімен батыс бағытқа қарай ұйымдастырылады. Енгізілетін өзгерістерге байланысты құзыретті органдар жүргізушілерден жол ережесін сақтап, сапарды алдын ала жоспарлауды сұрайды.

 

Жаңалықтар
0