18:21 25 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD376.43
  • EUR407.11
  • RUB5.76
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
1641 0 0

Астаналық мәслихаттың тұрақты комиссиясының жиынында төрт аудан әкімі сөз сөйледі. Депутат оларға не нәрсеге көңілі толмай жүргенін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан — Sputnik. Астаналық мәслихат депутаты Қарақат Әбден елорданың сол жағалауындағы проблеманы көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Астаналық мәслихаттың тұрақты комиссиясының жиынында төрт аудан әкімі сөз сөйледі. Депутат Есіл ауданының әкіміне коммуналдық қызмет жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді.

"Есіл ауданы маңызды екенін айттыңыз. Ендеше неге ол ауданда иттерді аулау мәселесі әлі күнге дейін шешілмеген. Әлеуметтік желіде жаңа 88-мектеп маңында иттер балаларға тап бергенін жазып жатыр. Бюджетті бекіткен кезде оны ұлғайтуды сұрамайсыздар, біз қолдайтын едік. Не қаражат жетпейді немесе бұл жұмыс қолдан келмей жатыр", – деді Қарақат Әбден.

Сондай-ақ, депутат ағаштарды жаз мезгіліне даярлау жұмысы да дұрыс жүргізілмейтінін жеткізді. Депутаттың айтуынша, сол жағалаудың үшінші мәселесі - қоқыс шығару. 

Қарақат Әбден Біріккен Араб әмірліктерінде қоқысты түнде немесе таңертең ерте шығаратынын мысалға келтірді. Ал астанада бұл жұмыс күндізгі уақытта істеледі. 

Тағы оқыңыз: Ыдырысова депутаттардың неге шаршап отыратынын айтып берді

Депутат Қарақат Әбден "Сен қазақтың қызысың. Мақтан ет!" атты кітабын жарыққа шығарған соң танылды. Әлеуметтік желіде бірі авторды қолдаса, енді бірі оның пікіріне қарсы шыққан болатын.

 

 

Тақырып бойынша

"Депутат ұйықтап отыр ма?": Владислав Косарев жауап беруге дайын – видео
Нұр-Сұлтанда көшеде құлап қалған депутат ашуланып кетті
Қорғаныс министрлігі депутат Смағұлдың дүнгендер жайлы сөзін жоққа шығарды  
Депутат Қордайдағы қақтығыстан кейін Ассамблеяны жабу керек дегендерге сәлем жолдады
Оралда депутат мұз айдынында төбелес шығарды
Загрузка...

Басты тақырып