10:50 02 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD408.61
  • EUR454.09
  • RUB5.86
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
120 0 0

Компанияның жаңа атауы елордада өткен қоғамдық көлікті дамытуға арналған конференцияда таныстырылды

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Бүгіннен бастап "Astana LRT" компаниясының атауы өзгерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Компанияның жаңа атауы қоғамдық көлікті дамытуға арналған конференцияда таныстырылды.

"Astana LRT" ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Егенбердиновтің айтуынша, компанияға ребрендинг жасап, атауын "City Transportation Systems" деп өзгертуге шешім қабылданды.

"Қала басшылығы компания атауын өзгерту туралы шешім қабылдады. Біз барынша ыңғайлы және компания қызметіне сай келетін атау іздедік. Сөйтіп, "City Transportation Systems" деген атауды таңдадық. Аудармасы - қалалық көлік жүйелері", - дейді Егенбердинов.

Оның сөзіне қарағанда, логотипке жасыл түс те әдейі таңдалды. Себебі компания жасыл технологияларды дамытуға мүдделі.

Осылайша, бүгіннен бастап "Astana LRT" ЖШС "CTS" (City Transportation Systems) компаниясы деп аталады.

логотип CTS
© Photo : Astana LRT
CTS логотипі

Журналистерге сұқбат берген компания басшысы атауды өзгерту бастамасы бұған дейін болған жемқорлық фактілеріне қатысты емес деді.

Егенбердинов ребрендингке кететін ақшаның сомасын атаған жоқ. Бірақ логотип әзірлеуге 100 мың теңге жұмсалғанын айтты.

Тақырып бойынша

Түркістан облысында 238 қоғамдық көлік жаңартылды
Ақтөбеде автобус аударылды: 26 адам ауруханаға түсті
"Бізді жамандай бермеңдер": Татьяна қар тазалаушылардың жанайқайын жеткізді - видео
Алматы әкімі жолаушылар тасымалы саласында қандай жаңалық болатынын айтты
Ақтөбе облысында Тәжікстан азаматтары мінген автобус аударылып кетті
Кілт сөздер:
көлік, атауы өзгереді, Astana LRT
Загрузка...

Басты тақырып