Елорда тынысы

Астаналықтар төтенше жағдайдың бірінші күнін қалай өткізді?

© Sputnik / Владислав ВодневЛюди в масках на улицах Нур-Султана
Люди в масках на улицах Нур-Султана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елімізде сәуірдің 15-не дейін төтенше жағдай енгізілді. Sputnik Қазақстан тілшісі Нұр-Сұлтанды аралап, қала өмірінің қалай өзгергенін көріп қайтты

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Наурыздың 16-нан бастап Қазақстанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай енгізілді. Елорда көшелерінде осы режим барынша байқалады, бұрынғыдай адам көп емес, көлік кептелісі де жоқ. Дәмханада отырғандар көрінбейді. Ал фаст-фудтың клиенттері 7 есеге азайған.

© Sputnik / Арман Аскаров Сауда ойын-сауық орталықтарында тамақтанатын астаналықтардың саны 7 есеге азайған
Астаналықтар төтенше жағдайдың бірінші күнін қалай өткізді? - Sputnik Қазақстан
Сауда ойын-сауық орталықтарында тамақтанатын астаналықтардың саны 7 есеге азайған

Таңертең автобуста жолаушылар аз болды. Тіпті, астаналықтар жиі жүретін бағдарларда адам көп емес.

"Иә, бүгін адам аз, бұрынғыдай сығылысып жүрмейді. Мен өзім әдеттегідей өз автобусыма отырдым. Жұмысқа 20 минутқа ерте келдім. Оқушылар бүгіннен бастап демалысқа шықты ғой. Сосын ата-ананың біреуіне үйде қалуға болады. Қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік беріп жатыр. Содан көшедегі халық та азайған ғой. Бірақ менде "строго" жұмыс, кешігуге болмайды", - дейді астаналық Жанат Сәметов.

© Sputnik / Владислав ВодневТаңертең автобуста жолаушылар аз болды. Тіпті, астаналықтар жиі жүретін бағдарларда адам көп емес
Астаналықтар төтенше жағдайдың бірінші күнін қалай өткізді? - Sputnik Қазақстан
Таңертең автобуста жолаушылар аз болды. Тіпті, астаналықтар жиі жүретін бағдарларда адам көп емес

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында бұрынғыдай айғай-шу естілмейді. Өз-өзіне қызмет көрсету залдары жартылай бос тұр. Ал менеджерлер отырған жерде адам бар, бірақ көп емес. Халықтың басым бөлігі бетперде киіп алған. Бетпердесі жоқтар шарф орап алған, я болмаса, жемпірдің жағасы арқылы дем алып отыр. Бір қолымен қағаз майлықты бетіне басып келгендер де болды.

Адамдардың арасында Тоқаевтың бүгінгі үндеуін тыңдап жүргендерді байқауға болады. Менеджерлердің бәрі бетпердемен отыр. Медициналық қолғап киіп алғандар да бар.

© Sputnik / Арман АскаровХалыққа қызмет көрсету орталықтарында бұрынғыдай айғай-шу естілмейді
Астаналықтар төтенше жағдайдың бірінші күнін қалай өткізді? - Sputnik Қазақстан
Халыққа қызмет көрсету орталықтарында бұрынғыдай айғай-шу естілмейді

Елорданың ірі сауда ойын-сауық орталықтары да бос тұр. Кинотеатрлар мен балалардың ойын алаңдарын жауып тастады. Ал дәмханалар, сауда бутиктері мен фуд-корт істеп тұр. Бірақ адам өте аз. Фаст-фудтың сатушылары халықтың азайып қалғаны қатты сезіліп отыр дейді.

"Үш күн болды, клиент кәдімгідей азайды. Негізі, жұмыс күндері, кем дегенде, 700 адам келетін. Ал демалыс күндері 1400-1500-ге дейін барады. Мысалы, кеше демалыс болды. Бізге бар болғаны 75 адам ғана келді", - деп атап көрсетті сатушылар.

© Sputnik / Арман АскаровДемалыс күні әдетте 1400-1500 адам келетін тамақ сататын жерге кеше 75 адам ғана барған
Астаналықтар төтенше жағдайдың бірінші күнін қалай өткізді? - Sputnik Қазақстан
Демалыс күні әдетте 1400-1500 адам келетін тамақ сататын жерге кеше 75 адам ғана барған

Сауда және интеграция министрлігі ірі сауда орталықтарының жұмыс кестесін сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін қысқартуды ұсынған. Сонымен қатар, санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілуі тиіс. Ал азық-түлік тауарларын сатпайтын базарлардың жұмысы сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін шектеледі.

"Азық-түлік дүкендері, азық-түлік супермаркеттері мен азық-түлік базарлары күнделікті режиммен жұмыс істеуге міндетті. Бірақ санитарлық және дезинфекциялық шаралар күшейтілуі шарт. Ал нан және кондитер өнімдері тек қаптамада ғана сатылуы қажет", - делінген министрліктің хабарламасында.

Сауда орындары осы талапты орындауға кірісті. Сөреде жатқан нанның бәрі қапталған.

© Sputnik / Ольга ЧеботареваНан және кондитер өнімдері тек қаптамада ғана сатылуы қажет
Астаналықтар төтенше жағдайдың бірінші күнін қалай өткізді? - Sputnik Қазақстан
Нан және кондитер өнімдері тек қаптамада ғана сатылуы қажет

Дәріханада ұзын-сонар кезек байқалмайды. Дегенмен, бетперденің тапшылығы байқалады. Санитайзер мен этил спирті де жоқ.

© Sputnik / Тимур БатыршинДәріханада ұзын-сонар кезек те, бетперде де аз. Санитайзер мен этил спирті де жоқ
Астаналықтар төтенше жағдайдың бірінші күнін қалай өткізді? - Sputnik Қазақстан
Дәріханада ұзын-сонар кезек те, бетперде де аз. Санитайзер мен этил спирті де жоқ

Аудандық емханаларда адам аз. Бұған дейін тұмау белгілері бар адамдарға емханаға бармауға кеңес берген. Ондайда дәрігерлерді үйге шақыру қажет.

Жақында денсаулық министрі Елжан Біртанов коронавирустың тиімді бір тұсын атады. Оның сөзіне қарағанда, осы індет таралғалы бері қазақстандық жеке гигиенаны қатаң сақтайтын болған. Соның нәтижесінде осы уақытта жыл сайын болатын тұмаудың көрсеткіші төмендеп кеткен. Айта кеткен жөн, төтенше жағдай отыз күнге созылады. Бірақ қажеттілік болса, оны тағы ұзартуы немесе қысқартуы мүмкін. 

© Sputnik / Ксения ВоронинаЕмханаларда адам аз. Бұған дейін тұмау белгілері бар адамдарға емханаға бармауға кеңес берілген болатын
Астаналықтар төтенше жағдайдың бірінші күнін қалай өткізді? - Sputnik Қазақстан
Емханаларда адам аз. Бұған дейін тұмау белгілері бар адамдарға емханаға бармауға кеңес берілген болатын

Президент бұл шаралардың бәрі азаматтардың денсаулығы үшін жасалып отырған өте маңызды қадамдар екенін айтқан болатын. Халық түсіністікпен қарайды деген сенім білдірді. 

Айта кетсек,  13 наурызда Қазақстанда коронавирустың алғашқы жағдайы тіркелді. Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны – он адам, екеуі – Нұр-Сұлтан қаласында, сегіз адам – Алматыда. Арасында 2008 жылы туған бала бар.

Жаңалықтар
0