17:04 14 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.72
  • EUR495.47
  • RUB5.70
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1391)
3246 0 0

Төтенше жағдай жарияланғаннан кейін қосымша рейстер ашылды. Мәселен, Қызылордаға баратын автобустардың саны екі есеге артты

НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Бірнеше сағаттан кейін Нұр-Сұлтанда карантин енгізіледі. Қазіргі кезде елорданың вокзалдарында адам көп, ине шаншар жер жоқ. Біреулер карантинге дейін қаладан шығып кетуге тырысса, енді біреулер билеттерін тапсыруға мәжбүр. Sputnik Қазақстан тілшілері вокзалдарды аралап, үйге асыққан халықпен тілдесіп қайтты. 

"Сапаржай" автовокзалында бүгінгі қарбаласты тек мейрамдардың алдында ғана көруге болады. Осы жерде отырған саудагерлер де адамдардың легі тым ерте басталды деп отыр. Әдетте, наурыздың 20-сына қарай жолаушылардың легі көбейетін. Бұл жолы қарбалас 13-інде басталған.

"Негізі, осы уақытта вокзалдың іші тып-тыныш, өзіміз ғана отыратынбыз. Бұл жолы студенттерді оқудан ерте босатқаннан кейін жолаушылардың саны күрт көбейді. Бәрі үйлеріне қайтып жатыр. Халықтың легі әлі толастайтын емес. Барлығы карантин басталғанша кетуге тырысады ғой", - дейді сатушылар.

Шынымен де, перонда студенттер көп. Өз туыстарын ауылына жіберіп жатқан адамдар да аз емес. Мысалы, құрылысшы Тағабек Синаев өз балаларын келіншегімен бірге Шымкентке жіберуге келді. 

"Енді, коронавирус қауіпті деп жатыр ғой. Содан кейін отбасымды Шымкентке жіберейін деп келдім. Бала-шағам тыныш жерде болсын. Өзім қаламын. Жұмыс бар", - дейді Синаев. 

Люди в масках на железнодорожном вокзале Нур-Султана
© Sputnik / Владислав Воднев
Қаладан шыға алмай жүрген жолаушылар ала сөмкелерін арқалап, шабадандарын ары-бері сүйреп жүр

Оның айтуынша, билеттің бағасы қатты қымбаттаған жоқ. Бұрынғыдай 8 мың теңге. Үстінен 300-400 теңге ғана қосқан. 

Ал Зәуреш тәте де өз апайын баласымен бірге Қостанайға жіберуге келген. Ол да астанада қаламын дейді. Оның ойынша, қазіргі жағдай туған-туыстармен жүздесуге жақсы мүмкіндік беріп отыр. Әйтпесе, адамдар бір-бірімен араласудан қалды. 

Қостанайлық Азамат Абылайұлы коронавирустан қорықпаймын дейді. Ата-анасы қатты уайымдап отырғаннан кейін ауылына барып қайтпақшы.  

"Енді, әрбір адам үйге барып, ата-анасы қорықпасын деп, жанында болғысы келеді ғой. Былайша, ол вирустан қорқыныш жоқ. Ата-анамызды ойлаймыз. Мысалы, менің ата-анам да мені қатты уайымдап отыр. Солар алаңдамасын деп, үйге бара жатырмын. Сосын демалыс қой. Карантин дейді. Үйге барып, ата-ананың жанында жатқан дұрыс қой", - дейді Азамат. 

  • Перонда студенттер көп. Өз туыстарын ауылына жіберіп жатқан адамдар да аз емес
    Перонда студенттер көп. Өз туыстарын ауылына жіберіп жатқан адамдар да аз емес
    © Sputnik / Владислав Воднев
  • Сапаржайдағы бүгінгі қарбаласты тек мейрамдардың алдында ғана көруге болады
    "Сапаржайдағы" бүгінгі қарбаласты тек мейрамдардың алдында ғана көруге болады
    © Sputnik / Владислав Воднев
  • Әдетте, наурыздың 20-сына қарай жолаушылардың легі көбейетін. Бұл жолы қарбалас 13-інде басталған
    Әдетте, наурыздың 20-сына қарай жолаушылардың легі көбейетін. Бұл жолы қарбалас 13-інде басталған
    © Sputnik / Владислав Воднев
  • Біреулер карантинге дейін қаладан шығып кетуге тырысса, енді біреулер билеттерін тапсыруға мәжбүр
    Біреулер карантинге дейін қаладан шығып кетуге тырысса, енді біреулер билеттерін тапсыруға мәжбүр
    © Sputnik / Владислав Воднев
  • Бүгінге билеттердің басым бөлігі таусылған. Бар болса да, қымбат
    Бүгінге билеттердің басым бөлігі таусылған. Бар болса да, қымбат
    © Sputnik / Владислав Воднев
1 / 5
© Sputnik / Владислав Воднев
Перонда студенттер көп. Өз туыстарын ауылына жіберіп жатқан адамдар да аз емес

Автовокзалдың жолаушылар тасымалы бөлімі басшының міндетін атқарушы Қуандық Қапановтың айтуынша, төтенше жағдай жарияланғаннан кейін қосымша рейстер ашылды. Мәселен, Қызылордаға баратын автобустардың саны екі есеге артты. Бұрын 10 рейс болса, бүгінде оның саны 18-ге дейін артып отыр.

"Адамдардың көбісі билетті наурыздың 20-сына немесе 24-іне алған. Енді, билетті тапсырып, бүгінгі қосымша рейстерге алып жатыр. Билеттің бағасы сәл қымбаттады. Себебі автобустар жолаушыларды апарып тастайды, ал бері қарай бос қайтады. Сондықтан жанар-жағармайдың шығындарын өтеу үшін билеттің бағасы 500-1000 теңгеге қымбат", - деді Қапанов. 

Оның айтуынша, мейрамдардың алдында болатын жолаушылар санымен салыстырғанда осы жолы үйге қайтып жатқандар көп.

Такси у железнодорожного вокзала в Нур-Султане накануне карантина
Такси баратын жерге үш есе қымбат ақша сұрайды. Соның өзінде көлік жоқ

Таксистер тұратын "пятакта" көлік көп емес. Көбісі адам алып, кетіп қалған. Таксистер баратын жерге үш есе қымбат ақша сұрайды. Мәселен, Таразға дейін адам басына 25 000 теңге, Қарағандыға – 5 000, Петропавлға дейін 15 000 теңге төлеуге тура келеді. Соның өзінде көлік жоқ. Қаладан шыға алмай жүрген жолаушылар ала сөмкелерін арқалап, шабадандарын ары-бері сүйреп жүр. 

Теміржол вокзалында ығы-жығы адам. Кассаға келген адамдардың көбісі билет тапсыруға келген. Себебі наурыздың 19-ынан кейін жүретін пойыздарға билет алып қойған. Ал карантинді енгізгеннен кейін қалааралық пойыздар жүре ме, жүрмей ме, ол жағы әзірше белгісіз. Бүгінге билеттердің басым бөлігі таусылған. Бар болса да, қымбат. Мәселен, Алматыға дейін тек Тальгомен кетіп қалуға болады. Бір билеттің бағасы – 22 000 теңге.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1391)
Загрузка...

Басты тақырып