02:35 05 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD443.50
  • EUR479.47
  • RUB5.79
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (530)
56 0 0

Астанада былтыр сегіз мың тонна ұн сатып алынды, бұл халықты бір жыл бойы нанмен қамтамасыз етуге жетеді

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Елордада нан бағасы 95 теңгеден аспайды. Бұл туралы қаланың инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы  Ерлан Бекмырзаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Былтыр біз сегіз мың тонна ұн сатып алдық. Бұл бір жылға жететін көлем. Тиісінше нан бағасы 95 теңгеден аспайды. Азық-түлік барлық ірі сауда орталығы мен базарларда сатылады. Дүрлігуге еш себеп жоқ. Сауда орындарының сөрелері тауарларға толып тұр", - деді ол астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Ол қалаға азық-түлік таситын жүк көліктеріне кіріп-шығуға шектеу жоқ екенін айтты.

Блокпостарда тауардың құжаты, бағдар парағы, жүргізуші мен экспедитордың денсаулығы тексеріледі. Көлік қоймаға жеткеннен кейін жүгін түсіріп, бірден кері қайтады. Бағдардан ауытқуға жол берілмейді.

"Әрбір жүк онлайн режимде қадағаланады", - деді Бекмырзаев.

Бұл үшін "Блок-пост" мобильді қосымшасы іске қосылған, ол Сергек камераларымен интеграцияланды.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтан билігі тұрғындарға қаладан шығуға уақыт беріліп отырғанын айтты

Оның айтуынша, қазіргі таңда астанада 48 мың тонна азық-түлік қоры бар. Бұл шамамен бір айдағы тұтыну нормасы.

19 наурыздан бастап Қазақстан астанасы мен Алматы карантинге жабылды. Елорда тұрғындары 22 наурызға дейін қала аумағына кіріп үлгеруі керек, әйтпесе шектеу алынып тасталғанға дейін күтуіне тура келеді.

Талапкер, Қараөткел, Қосшы, Жібек жолы, Шұбар елді мекендерінің тұрғындары астанаға еш кедергісіз кіріп-шыға алады.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (530)

Тақырып бойынша

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Нұр-Сұлтанда кейбір азық-түлік түрлері бес келіден артық сатылмайтын болды
Нұр-Сұлтан қаласындағы үлкен қонақ үй карантиндік нысанға айналады
Елорда дәріханаларына бір апта ішінде миллион маска жеткізіледі
Кілт сөздер:
баға, нан
Загрузка...

Басты тақырып