02:27 10 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD432.55
  • EUR470.83
  • RUB5.84
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (572)
219 0 0

Коронавирус жұқтырған бір адам, кемінде, 2-3 адамға қауіп төндіреді. Ал 5-6 күннің ішінде науқас 3,5 мың адамның осы індетке шалдығуына себепкер болады

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әкім алдымен қатаң шаралардың тиімділіге тоқталды. Оның айтуынша, коронавирус жұқтырған бір адам, кемінде, 2-3 адамға қауіп төндіреді. Ал 5-6 күннің ішінде науқас 3,5 мың адамның осы індетке шалдығуына себеп болады. Бұл - дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебі. 

"Еуропа қалалары бірінен кейін бірі карантинге жабылып жатыр. Олардың кейбіреулері шешімді тым кеш қабылдағанын көріп отырсыздар. Ал вирус алғаш тіркелген Қытай, күресті темірдей тәртіптің негізінде жүргізді. Қытай, Оңтүстік Корея елдері азаматтарды оқшаулаудың қатаң әдісін қолданды. Мекемелер, кәсіпорындар, қоғамдық көліктер жұмыстарын тоқтатты. Олар күндеп емес, айлап үйлерінен шықпады. Тек осындай тәртіп қана медицина қызметкерлеріне үлкен көмек болды және оң нәтиже берді", - дейді Көлгінов. 

Тағы оқыңыз: Алматыда коронавирус жұқтырған 3 адамның жағдайы белгілі болды

Қала басшысы жасы үлкен және созылмалы аурулары бар азаматтардан сыртқа шықпауды өтінді. Себебі қазіргі індет дәл осы санаттағы азаматтарға үлкен қауіп төндіріп отыр. 

"Сабыр түбі - сары алтын. Қиын кезеңде өзіңіз үшін төзімділік танытыңыз. Басқа жол жоқ. Осы күндері байқағанымыз жағдайды көпшілік түсініп отыр, рахмет айтамыз. Бірақ әлі осы қауіпті терең сезінбеген азаматтар да бар. Дәл қазір туысыңыз бен жақыныңызға шын жанашыр болсаңыз, олардың амандығын тілесеңіз, онда өз үйіңізде отыруыңыз керек" - деп атап көрсетті Көлгінов. 

Сондай-ақ, ол карантинге кірмейтін қала маңындағы елді мекен тұрғындарына елордаға келуді қоя тұруға кеңес берді.  Ал карантин мен коронавирусқа қатысты сұрақтар болса, 109 номіріне хабарласуға болатынын жеткізді. 

 

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (572)

Тақырып бойынша

Дәрігер COVID-19 ағзаны қалай "алдайтынын" айтты
"Сақтықта қорлық жоқ" : өнер адамдары карантин кезінде Наурызды қалай атап өтті
Тоқаев тапсырмасы: қазақстандықтардың кредит және салық төлемі кейінге шегеріледі
Төтенше жағдай: өңірлерде сауда орталығы мен базарлар жұмыс істейтін болады
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артты
Загрузка...

Басты тақырып