20:35 28 Наурыз 2020
Тікелей эфир
  • USD445.84
  • EUR490.47
  • RUB5.73
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (407)
181 0 0

Елордадағы көпсалалы облыстық ауруханада дезинфекция жұмыстары жүргізілді, науқастарға келуге тыйым салынды

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтандағы Манас көшесінде орналасқан №2 көпсалалы облыстық аурухана карантинге жабылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

26 наурызда дәл осы ауруханада Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны коронавирус инфекциясынан қайтыс болған еді.

Осыдан кейін медициналық мекеме карантинге жабылды. Марқұммен байланыста болған адамдар да карантинге орналастырылды.

Ауруханада дезинфекция жасалды. Науқастарға келуге тыйым салынды.

Айта кетсек, бүгін №1 автобус паркі де карантинге жабылды. Кәсіпорын қызметкерлерінің бірі коронавирусқа шалдыққан адаммен байланысты болғаны анықталған.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда коронавирустан көз жұмған әйел оңтүстікте қонақта болған

Автопарктың барлық аумағына, автобустарға дезинфекция жүргізілді. Байланыста болған кісілер стационарға жіберілді.

28 наурыз сағат 00.00-ден бастап халық көп жиналатын орындар - саябақтар, скверлер, жағалаулар, ойын алаңдары және тағы басқалары жабылады.

Қоғамдық орындарда 3 адамнан артық (отбасы мүшелерінен басқа) топтасып жиналуға тыйым салынады, сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға үлкендерсіз сыртта жүруіне тыйым салынады.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда автобус паркі карантинге жабылды

Қала тұрғындарына үйден шығуға шектеу қойылады. Азаматтарға көшеге тек азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алу үшін немесе жұмысқа барған кезде ғана шығуға рұқсат етіледі.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (407)

Тақырып бойынша

Дүкенде инфекция жұқтырып алмау үшін қалай қолма-қол есеп айырысу керек – видео
Карантин күшейтіледі: Нұр-Сұлтан мен Алматыда тұрғындардың үйден шығуы шектелмек
Нұр-Сұлтанда карантинде жатқандардың арасында 80 бала бар
Алматыда коронавирустың жаңа ошақтары анықталды
Шымкентте тұрғын үй алабы карантинге алынды
Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған үшінші адамның кім екені белгілі болды
Кілт сөздер:
аурухана, Нұр-Сұлтан, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып