Елорда тынысы

Нұр-Сұлтандағы сауда орталығында әйел қайтыс болды

© Sputnik / Абзал КалиевКарета скорой помощи
Карета скорой помощи - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жеткенше көз жұмды. Бұл ақпарат мессенджерлерде тарап кеткен болатын

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Елордадағы "Әлем" сауда орталығында әйел қайтыс болды. Ақпаратты  Sputnik Қазақстанға астаналық полиция департаменті растады. 

"Иә, бүгін қайтыс болды. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ", - деді полицияда. 

Әйелдің неден қайтыс болғаны әлі белгісіз. Департамент толық ақпаратты кейінірек береді. 

Бұған дейін мессенджерлерде астанада әйелдің өлімі туралы ақпарат тараған болатын. 

Тағы оқыңыз: Коронавирустан көз жұмған қазақстандыққа қатысты тың ақпарат жарияланды

Елордадағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында Sputnik Қазақстанға 103 нөміріне қоңырау 27 наурыз 12.09-да түскенін айтты. Дәрігерлер бригадасы оқиға орнына 12:11-де жетті. 

"Өкінішке қарай әйел жедел жәрдем жеткенше көз жұмды. Өлімнің себебі белгісіз", - деді басқармада.

Жаңалықтар
0