19:01 27 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD413.12
  • EUR452.86
  • RUB5.82
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
34 0 0

Көлік құралдарын айып тұрақтарына қабылдау, беру және тәулік бойы күзетуді Есіл аудандық полиция бөлімі қамтамасыз етеді

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтандағы MEGA Silk Way сауда орталығының паркингі автокөліктердің айып тұрағы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сауда орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

"Есіл ауданы әкімдігінің өтініші бойынша MEGA Silk Way сауда орталығы карантин кезінде паркинг аумағының бір бөлігін қала билігінің қажеттілігі үшін тегін пайдалануға береді. Қаладағы айып тұрағы автокөлікпен 100% толған жағдайда, сауда орталығының жер үсті тұрағының аумағы айыппұл тұрағы ретінде пайдаланылады", – делінген хабарламада.

Көлік құралдарын айып тұрақтарына қабылдау, беру және тәулік бойы күзетуді Есіл аудандық полиция бөлімі қамтамасыз етеді.

Оқи отырыңыз: Көліктер айып тұрағына тоғытылады – Алматы полициясы ескерту жасады

Айта кетейік, 30 наурыз бен 6 сәуір аралығында Нұр-Сұлтанда көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді.

Тұрғындарға жеке көлігін үйден жұмыс орнына дейін және кері бағытта (жүргізуші өзімен бірге жұмыс орнынан анықтама немесе қызметтік куәлік алып жүруі тиіс), шұғыл жағдай кезінде медициналық мекемеге баруға немесе азық-түлік, дәрі-дәрмектер, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу үшін ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Тақырып бойынша

Қызылорда қаласына кіріп-шығуға тыйым салынды
Алматы облысы мен Петропавлда шектеу енгізіледі
Даниал Ахметов шектеудің өзгеше түрін енгізді 
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан
Загрузка...

Басты тақырып