11:52 07 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
316 0 0

Биыл елордада жалпы ұзындығы 100 шақырым болатын жүз елу көше жөнделіп, кейбіреуі жаңадан салынады деп жоспарлануда

НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов бірқатар жолдың құрылысымен танысты. Қала басшысы сапасыз салынған жолдар қабылданбайтынын, мердігер өз есебінен қайта жөндейтінін ескертті.

Е355, Е32, Е489, Е312 көшелерінде төрт жолақты жол құрылысы жүргізіліп жатыр. Онда желекжол абаттандырылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Көлгінов №27 көшедегі (Ш. Бейсекова көшесінен Тұран даңғылына дейінгі учаскеде) жол жұмыстарымен танысты. Алтай Көлгінов жол жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізу қажеттігін айтты.

"Сапасыз салынған жолдарды қабылдамаймыз, мердігер өз есебінен қайта жөндейтін болады", - деді ол.

Елорданың 50 магистральды көшелеріндегі құрылыс пен жөндеу жұмыстары биылдың өзінде көлік ағынын жеңілдетуге және жол жүру үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй кешендеріне апаратын жолдар ескеріледі.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда жаңа саябақ ашылады

Қаланың елді мекендерінде жалпы ұзындығы 60 шақырымды құрайтын 100 көше жөнделіп, кейбіреуі жаңадан салынады. Жол жұмыстарына "жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында 1,5 мың адам жұмылдырылады. Барлығы 15 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Азаматтар жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналаса алады.

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтан әкімі қалаға қарапайым адамдарға да кіріп-шығуға болатынын айтты
Нұр-Сұлтанда қарт адамдарға дәрі-дәрмек үйге жеткізіліп жатыр
"Басқа жол жоқ": елорда әкімі қала тұрғындарына өтініш білдірді
Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер тоқтайды
Нұр-Сұлтанда жол жөндеу жұмыстары басталды
Кілт сөздер:
Алтай Көлгінов, жол жөндеу
Загрузка...

Басты тақырып